• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Наурыз, 2023

Адам капиталын дамыту айқындалады

454 рет
көрсетілді

Жаңадан сайланған Парламенттің алғашқы сессиясында Президентіміз көтерген мәселелердің барлығы маңызды деп санаймын.

Мемлекет басшысы бұған дейінгі Жолдаулары мен ауқымды жиындарда айтып келгендей, адами капиталды дамытуға ерекше мән беретінін байқатты. Адам капиталын дамыту – экономикалық өсудің факторы. Қоғамдағы әлеуметтік қамту салаларымен бірге мәдениет, әдебиет, білім мен ғылым қатар дамуы керек. Ұстаздарымыздың мәртебесін әрі қарай арттыру керек деп айтты. Бұл – өте маңызды мәселе. Бұған дейін мұғалімдер мәртебесі туралы заңның қабылдануына орай педагогтердің құқықтары мен жауапкершіліктерін айқындап алдық. Халықтың ұстаздарға деген құрметі өсіп, мұғалімдердің ел арасындағы бедел, абыройы ұлғая түскеніне куә болдық. Дәл осындай заңды енді медицина саласының қызметкерлеріне қатысты әзірлеу керектігін де тапсырды. Бұл ұсыныстар нақтылай айтқанда отандық әлеуметтік саланы дамытуға, адам ресурстарын жетілдіруге бағытталып отырғаны анық. Адам капиталының сапасы артады. Екінші тұрғыдан, қоғам арасында талқыға түсіп келе жатқан тақырыптардың шешімі табылады. Емделушілер мен дәрігерлер арасындағы байланыс коммуникациялары, әдептері түзіледі деген сөз.

Тағы бір айта кетерлігі, сонау 1999 жылы алынып тасталған «Қазақстанның Халық әртісі» ата­ғын мәдениет саласына қай­тару осы сала өкілдерінің шы­ғар­машылығына шабыт сыйлап, тал­пыныстарына түрткі болмақ. Мұн­дай жоғары атақты тек үздік­тер ғана иеленіп, олардың өнері жас ұрпақты шабыттандырады.

Жаңа Парламенттің құра­мын­дағы 28 депутат бұған дейінгі шақырылымдарда бол­ған азаматтар. Олар өзіне сеніп тап­сырылған міндетті жал­ғас­тырып, тәжірибесі аз әріп­тес­­теріне қолдау жасауы керек. Мем­лекет басшысы заң шы­ғарушы органның алдына айтар­лықтай міндеттер мен ба­ғыт­тар белгілеп берді. Енді солар­ды ретімен орындап, Әділетті Қа­зақ­стан құру жолына жұ­мылса абзал. Енді бір жарты жылдан кейін Мәжілістің жұмысы жа­йында белгілі бір қорытындылар жасауға болады деген ойдамын.

 

Дәурен ҒАЗИЗ,

С.Торайғыров университеті саясаттану ғылымдарының магистранты