• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2014

Әлем таныған тұлға

1356 рет
көрсетілді

 «Өзін ғана емес, өзі билеген елді дүние жүзінің өркениет биігіне көтере алған билеуші ғана әлемдік тұлға саналмақ».

Сұлтан САНЖАР,

ортағасырлық философ.

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД.

Қалыптасу қамында

Өмір ұлы мұхит сияқты. Оның тіршіліктің бар құпиясын тереңіне жасырып тынши қалатын жаймашуақ сәттері де, алып толқындары дауыл сапырып, жер бедерін, оны мекендеген барша тіршілік атаулының тағдыр-талайын күрт өзгертетін алапат мінезі де болады. Біз «адам мен табиғат – егіз» деген сөзді жиі айтамыз. Адамзат қоғамында да тұтас бір халықтың, мемлекеттің беталыс-бағдарын, бет-бейнесін өзгертетін осындай оқиғалар орын алатын кездер де жиі кездеседі. Міне, осындай сындарлы сәттерде ел билігін ұстаған таңдаулы тұлғалар немесе үркердей үлкен топ тарих сахнасына шығады. Лев Гумилев мұндай тұлғаларды «пассионарлар», ал олардың шоғырын «пассионарлық топ», ал құбылыстың атауын «пассионарлық» деп атайды. Жаһан тарихына жіті көзбен зер салсақ, мұндай пассионарлар, пассионарлық топтар мен пассионарлық құбылыстар аз болмағандығын аңғару қиын емес. Бүгінде бүкіл әлемде күншығыс елі – жапондардың ғылым мен білімде, техника мен прогресте, экономикада қол жеткізген таңғажайып табыстарына таңданбайтын халық жоқ. Бас-аяғы бір ғасырдың ар жақ, бер жағында дәл осы жапон жұрты ортағасырлық дамудың шырмауынан шыға алмаған, өнеркәсіп атаулыдан мүлде мақұрым, ал техникалық үдерістен біржолата артта қалған аграрлық елден техникалық, инновациялық дамудың көшін бастап, ұзақ уақыт бойына әлемдегі екінші экономикаға айналды. Осыншама табыс «Мейдзи реставрациясы» деген жапон интеллектуалдары жасаған сая­си, экономикалық және әлеуметтік реформаларының арқасында келгенін біреу білсе, біреу біле бермеуі де мүмкін. Мейдзи реформасы 1867 жылдан 1912 жылға дейін патшалық еткен император Муцухитоның есімімен байланыстырылады. Дәстүр бойынша әр императордың таққа отырған күнінен жаңа дәуір басталады. Муцухито билікке келгеннен ол дүниеден өткенге дейінгі кезең «Мейдзи дәуірі» деп тарихқа енді. Сондықтан жапондар дәл осы кезеңде жүзеге асырылған саяси реформадан бас­тап, индустриялық революцияға дейін түгелдей сол императордың есімімен байланыстырады. Тіпті, «император» лақабы да «мейдзи» болып өзгертілді. Шындығында солай ма еді? Муцухито император болғанда ол небәрі 14 жас­та еді. Бір ғана патша сарайының емес, тұтас бір ұлттың, мемлекеттің тағдырын өзгерткен, сол арқылы бүкіл әлем тарихына орасан зор өзгерістер әкелген реформаны қанша данышпан болса да 14 жасар бала атқара ала ма? Әрине, жоқ. Мейдзи жаңғыртуының басында аса көрнекті жапон интеллектуалдары тұрды. «Мейдзи» сөзінің өзі жапон тілінен аударғанда «ақылды билік» дегенді білдіреді. Жүргізілген реформа да осыған әбден сай болды. Әуелі «бас-басына би болған өңкей қиқым» – сёгундар бөлінісі таратылып, барлық билік император қолына шоғырланды. Монархиялық билік жүйесі сол тұста жарты әлемге билік жүргізген ұлыбританиялық дәстүр негізінде қайта жетілдірілді. АҚШ Конституциясы жобасымен билік заң шығару, атқару және сот жүйесіне жіктеліп, жаңа үкімет түзілді. Ата-ана мен үлкенді сыйлауға негізделген ата дәстүрін сақтау, жапон ұлтын өрге сүйрейтін кез келген жаңалықты жатсынбау басшылыққа алынды, қоғам тыныштығын сақтау үшін топқа-тобырға бөлініп, жиналыс ашып, шеруге шығуға тыйым салу, елді жікке бөлетін қоғамдық ұйым құрудан бас тарту, дін бұзып, христиандыққа өтуге тоқтам жасаған жаңа низам қабылданды. Билік қана емес, мемлекеттің бүкіл байлығы, жер-су атаулы император құзырына көшті. Әкімшілік реформа жасалып, сёгунат орнына жаңа префектуралар құрылды. Әскери реформа жүргізіліп, мемлекетті ішкі бүлікшілерден, сыртқы жаудан қорғай алатын кәсіби армия жасақталды. Өнеркәсіпті дамытуға, жаңа техника мен технологияны енгізуге арналған бағдарлама жасалып, өндірістік көрмелер өткізілді. Бұрын сыртқы дүниеге есігін тарс жауып келген жапон елі шетелдермен, ең алдымен Еуропа және АҚШ-пен дипломатиялық байланыс орнатып, алыс-берісті жиілетті. Жаңа білім жүйесі түзіліп, жаңа мектеп, жаңа университеттер ашылды. Бүгінде әлемге танымал Токио университеті 1877 жылы шаңырақ көтерді. Ел астанасы Киотодан Токиоға көшіріліп, жаңа елордада жаңа өмір бас­талды. Жапон елін өркениет биігіне көтерген осы бір әлемде теңдесі жоқ реформаның нақты авторлары Кидо Такаеси, Сайго Такамори және Окубо Тосимити баста­ған ұлтжанды қайраткерлер болды. Тағылым алар тарихтан тағы бір тәмсіл. Жер-жаһанның бүгінгі жай-күйі мен болашақтағы беталыс-бағдарын Америка Құрама Штаттарынсыз елестеу қиын. Ал осыдан небәрі екі жарым ғасыр бұрын әлем картасында мұндай мемлекет әлі жоқ болатын. Мұхит асқан Колумб сапарынан соң Америка құрлығына бақыт пен байлық іздегендер Еуропаның әр қиырынан ағыла бастады. Алуан тілді, христиандардың түрлі діни қауымдастығына жататын қырық құрам жұрт ұлт боп ұйысып, мемлекет боп қалыптасу орнына алты бақан алауыздыққа салынып, қан төгілген қарулы қақтығыстардан көз ашпады. Америка тарихының осындай сындарлы сәтінде тарих сахнасына кейінгі ұрпақ «мемлекет негіздеуші әкелер» деп ардақтайтын ұлы шоғыр шығады. Олардың қатарында тәуелсіздік жолындағы күресте қол бастаған жеңімпаз қолбасшы, АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон, Тәуелсіздік декларациясының басты авторы, 3-ші президент Томас Джефферсон, АҚШ-тың 2-ші президенті Джон Адамс, АҚШ Конституциясын қалыптаушы, 4-ші президент Джеймс Мэдисон, АҚШ-тың қаржы-банк жүйесін қалыптастырушы, федералистер партиясының жетекшісі Александр Гамильтон бастаған ұлы қайраткерлер болды. Қазақ халқы – мың өліп, мың тірілген халық. Оның да сан ғасырлық дамуында қалыптасу, өрлеу, дәуірлеу, төмендеу, баяулау, тіпті, тарих сахнасынан өшіп кетуге таяу қалған тұстары да аз болмаған. Осындай ел басына күн туған қиын-қыстау кездерде ұлт көшін елім деп туған ерлер бастап, үнемі тығырықтан жол тауып отырған. Арғы тарихқа бармай-ақ беріден тартатын болсақ, осындай үркердей үлкен топ небәрі бір-ақ ғасыр бұрын тарих сахнасына шықты. ХХ ғасырдың басы әлемдік тарихтың дамуына орасан зор өзгерістер әкелді. Бірінші дүниежүзілік соғыс Еуропадағы ғана емес, Азиядағы, Америка мен Африкадағы мемлекеттер тағдырына түбегейлі өзгерістер жасап, жаһандық күштердің ара салмағын мүлде өзгертіп жіберді. Германия, Австро-Венгрия, Осман империялары біржолата келмеске кетіп, жас мемлекеттер тарих сахнасына шықты. Жаңа демократия орталығы саналатын АҚШ-тың беделі артып, Еуропаға ықпалы күшейді. Күншығыс елдері – Қытай, Жапония ұйқысынан оянды. Африкада мүлгіген қара түнек серпіліп, Оңтүстік Африка одағы қалыптасты. Соғысқа қажет жаңа қару түрлерін шығару барысында техника мен технология жетілдірілді. Автомобиль жасау, авиация өнеркәсібі, әскери-теңіз техникасы дамыды. Алпауыт империялар орнына Герма­ния, Австрия сияқты республикалық пішімдегі жаңа мемлекеттер, сонымен бірге, жаңа демократиялық күштер пайда болды. Ресейде патша үкіметі құлап, бұлғақ басталған кезде қазақ зиялылары да бас көтеріп, Алашорда төңірегінде топтасты. Олар Алаш партиясын құрып, Ресей құрамындағы автономия ретінде Алаш автономиясын жариялады. Съезд өткізіп, бағдарлама түзіп, жаңа үкімет жасақтады. Бірақ патша үкіметі орнына келген жаңа билік – кеңес өкіметі ұлты үшін жанын пида еткен Алаш қайрат­керлерін асқан қатыгездікпен қуғындауды бастады. Олардың басым көпшілігі репрессия тырнағына ілігіп, қанды қасапқа түсті. Аман қалғандары ұзақ жылдарға түрмеге отырғызылып, айдауға жіберілді. Осылайша қазақ ұлтын ХХ ғасырда өркениет биігіне сүйреген ұлы қайраткерлерге азапты тағдыр бұйырды. Алашордашылардың жас буыны 37-жылдың репрессиясына ұшырады. Жаңа толқыннан шыққан бас көтерер азаматтарды жазалау 50-ші жылдарға дейін жалғасты. Азамат соғысы, 30-шы жылдардағы алапат ашаршылық, Ұлы Отан соғысы ұлттың генофондына өлшеусіз зиян келтірді. Отызыншы жылдардың соңында, соғыс кезінде Қазақстанға тұтас ұлттар мен ұлыстарды жер аудару, тың игеру жылдарында келгендер ежелден қаймағы бұзылмаған қазақи ортаның кескін-келбетін, ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын, шаруашылықты жүргізу тәсілін, дәстүрін, ұлттық санасын өзгертіп, дүбәрә буын қалыптаса бастады. Біз кеңес заманында «Советтік Қазақстан ғажайып табыстарға қол жеткізді. Сансыз көп зауыттар мен фабри­калар салынып, сексеннен астам қала тұрғызылды» деп мақтандық. Ал шындығына келер болсақ, сол зауыттар мен фабрикалардың бірде-бірі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығара алмады. Нарықтық экономика жағдайында республиканың ауыр өнеркәсіп флагманы – Алматы ауыр машина жасау зауыты мен жеңіл өнеркәсіп мақтанышы – Алматы мақта-мата комбинаты ешбір шетелдік инвесторға керексіз болып қалды. Бар халқы бір ғана өндіріс орнына байланып қалған Қазақстанның әр түкпіріндегі Жаңатас, Текелі, Хромтау, Степногорск, Қаражал, Шахтинск, Жетіқара, Лисаковск, Жаңаөзен, Екібастұз, Курчатов, Зыряновск, Риддер, Серебрянск, т.б. ондаған қалалар ел экономикасын өрге сүйреудің орнына күрмеуі қиын әлеуметтік мәселелері жинақталған проблемалық елді мекендерге айналды. Міне, осындай қордаланған әлеумет­тік-экономикалық мәселелерге қосымша 600-ден астам қазақ мектебінің жабылуы, сорақы ұлт саясатының салдарынан қазақ ұлтының өз елі, өз жерінде отырып азшылыққа айналуы халқымыздың ашу-ызасын қара қазандай қайнатты. Мұндай әбден шегіне жеткен наразылық қоғам дамуының бұлжымас заңы бойынша әйтеуір бір жерден жарып шығуға тиіс еді. Сол жарылыс 1986 жылы орын алды. Желтоқсан көтерілісі формальді түрде оқшантайдан шыққан орта дәрежедегі партия функционері Колбин­нің Қазақстандай үлкен республика басшылығына келуіне қарсылық болғанымен, түптеп келгенде, қазақ халқын әбден азапқа түсірген бүкіл кеңес қоғамына, ұлттық сананы басып-жаншыған коммунистік идеологияға бағытталып, халық кегіне суарылған көтеріліс еді. Ашық саяси сипат алған бұл оқиға Кеңес Одағы сияқты империяда тоталитарлық жүйе орныққаннан бергі кезеңдегі ең алғашқы, ең қуатты және бүкіл әлем жұртшылығы назарын өзіне аударған ең саяси көтеріліс болды. Қ.Сәтбаев, М.Әуезов сияқты ақыл-ой алыптарының еліне келген ергежейлі Колбиннің билік басында тым ұзақ тұрақтамайтыны ол қызметке кіріскен алғашқы күндерде-ақ белгілі болып қалды. Сөзінде бәтуа, ісінде нәтиже жоқ, ойланбай сөйлеп, орындалмайтын уәде беріп үйренген Колбин кезеңі қазақ саяси элитасы үшін жаңа саяси күштердің қалыптасып, өзара ара салмағын айқындауға, халық алдында бедел жинап, кімнің кім екендігін көрсетуге мүмкіндік жасады. Бұған «жариялылық» деген жылымықты ала келген қайта құру саясаты да себепкер болды. Қазақ қоғамы көп ішінен суырылып алға шыққан қайраткерлер арасынан ел ішіндегі қордаланған проблемаларды бес саусағындай білетін, халық мұңы мен зарын биік мінберден батыл айтатын, өмір мен саяси күрес сынында әбден шыңдалған, ұлттық болмыс пен дәстүрден ажырамаған, ең бастысы – ұлты үшін кез келген уақытта басын бәйгеге тіге алатын, еркін ойлы ерлерді іздеді. Ел басына күн туған қиын-қыс­тау кездерде небір таңдаулы тұлғаларды тарих пен саясат сахнасына шығара білген қазақ халқында мұндай таңдаулы тұлға бар болатын. Бүкіл әлем көз тіккен КСРО Халық депутаттарының алғашқы съезінде Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев топтан озып, суырылып алға шықты.

Өрлеу өрінде

Өткен ғасырдың Брежнев билік құрған 70-80-ші жылдары КСРО тарихына «тоқырау жылдары» деген келеңсіздеу атаумен тарихқа енді. Әрине, өткеннің бәріне қара күйе жаға берудің жөні жоқ. Кеңес Одағында 60-жылдардың екінші жартысы мен 70-жылдардың басында ғарыш, авиация, атом өнеркәсібі дамып, шығарған өнімі негізінен ішкі нарық пен социалистік лагерь елдеріне арналған көптеген өндіріс орындары ашылды. Ғылым, білім, мәдениет, медицина айтарлықтай өсті. Әлеуметтік салаға көңіл бөлінді. Қарапайым халық коммуналдық үйлерден шығып, тұңғыш рет жеке пәтерлерге ие бола бастады. Нақты сұраныс пен бәсекеге емес, тек жоспарға негізделген экономика 70-жылдары тығырыққа тірелді. Бұған сол жылдардағы әлемдік нарықтағы мұнай мен газ бағасының шарықтап өсуі басты себеп болды. Әлемдік экономикада 1973 жылы әйгілі «мұнай дағдарысы» орын алды. ОПЕК құрамына енетін барлық араб елдері Израиль агрессиясына және оны қолпаштап отырған АҚШ пен Батыс елдеріне қарсылық ретінде мұнай өндіруді күрт азайтып, оны Израильді қолдайтын мемлекеттерге экспорттау­ды мүлде доғарды. Бұл дүниежүзілік нарықтағы мұнай бағасын үш есеге дейін өсіріп жіберді. Нәтижесінде АҚШ пен Батыстың дамыған елдерінің экономикасын дағдарыс жайлады. Қиындық экономикасы күшті елдерді ширатады, әлсіз елдерді босаңсытады. Америка мен Батыс елдері тығырықтан жол іздей жүріп, үнемдеуді, техниканы жетілдіруді, технологияны жаңартуды үйренді. Бастапқыда қиындық болғаны­мен, олар «мұнай дағдарысынан» жарау аттай ширап шықты. Техникалық прогресте қара үзіп алға кетті. Әсіресе, электр энергиясын тұтынатын авиация, ғарыш, теңіз флоты, автомобиль, тіпті тұрмыстағы техниканы жетілдіруде орасан зор жетістіктерге қол жеткізді. Әлемдік мұнай дағдарысы Кеңес Одағы экономикасы үшін аса тиімді болғанына қарамастан, олар мол мүмкін­дікті орынды пайдалана алмады. Аяқ астынан пайда болған аста-төк қаражат ел экономикасын әртараптандырып, техника мен технологияны жетілдірудің орнына басы бүтін мұнайға тәуелділікке алып келді. Экономиканың барлық саласында баяулау, құлдырау, тоқырау басталды. Бұл, әсіресе, ғылым мен техника, жаңа технология саласында айқын аңғарылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан бүкіл Еуропа елдері есеңгіреп шықты. Тұтас қалалар қирады, өндіріс ошақтары талан-таражға түсті, азық-түлік жетіспеді. Жеңім­паз ел ретінде алдымен Кеңес Одағы ес жиды. Соғыс кезінде іске қосылған кәсіпорындар бейбіт жағдайға бейімделіп, өнім беруді ұлғайтты. Жеңіл­ген Германиядан әкелінген трофейлік зауыттар да сол кезеңдегі техникалық үдерісті дамытуға өз үлесін қосты. Осылайша 50-жылдардың аяғына дейін Кеңес Одағы автомобиль, авиация, теңіз техникасы, атом өнеркәсібі, қару-жарақ өндірісі, басты өнеркәсіп өнімдері саласы бойынша Еуропаның кез келген елінен озық, ал Ұлыбритания, АҚШ-пен терезесі теңдеу дәрежеге жуықтап қалған еді. Өкінішке қарай, 60-жылдардың екінші жартысы мен 70-жылдарда КСРО экономикасы біртіндеп осы артық­шылықтарынан айырыла бастады. Кеңес Одағы Батыс елдерін тығырық­қа тіреген «мұнай дағдарысы» кезінде ел экономикасын реформалау орнына көмірсутегін өндіруді арттырған үсті­не арттырып, оған тәуелділікті одан әрі тереңдете түсті. Егер КСРО 1965 жылы 75 млн. тонна мұнай өндірсе, ара­да небәрі 20 жыл өткенде – 1985 жылы оны 193,5 млн. тоннаға дейін жет­кізді. Осы мерзім ішінде табиғи газ өндіру 5 есеге дейін артты. Мұнай мен газдан түскен қыруар валюта техниканы жаңғыртуға емес, жоспарлы экономиканың жыртығын жамауға кетті. Тіпті, мұнай қаражаты егістікке, ауыл шаруашылығына жарамады. Жер көлемінен әлемде бірінші орында тұрған КСРО шетелдерден астық сатып ала бастады. Косыгиннің реформасы түрлі бюрократиялық кедергілерге ұшырап, ешбір нәтижесіз аяқталды. Қисапсыз мол қаражат «социалистік даму жолына» түскен Азия мен Африканың, Латын Америкасының кедей елдеріне көмек ретінде оңды-солды жұмсала бастады. Жалпы, жұртқа жаймашуақ болып көрінетін Брежнев билігі кезінде Кеңес Одағы осылайша «тоқырауға» белшесінен батты. Сол себепті, бүкіл кеңес халқы «эпоха пышных похорон» деп ат қойып, айдар таққан Брежнев, Черненко, Андропов билігінен кейін Горбачев бастаған қайта құруға үлкен сеніммен үміт артты. Көпірме, көп сөзге әуес Горбачев реформатор ретінде ешбір нәтижеге қол жеткізе алмаса да, онсыз да кетеуі кеткен Кеңес Одағы сияқты алып империяны ешбір соғыссыз, қарулы қақтығыссыз құлатқан адам ретінде тарихта қалды. Батыста оны Сталин заманынан іргесі сөгілмеген тоталитарлық, коммунистік жүйені шайқалтқан тұлға ретінде әлі күнге дейін айрықша бағалайды. Қайта құру кеңес қоғамының бүкіл қоясын сыртқа шығарды. Мәскеу мен Ленинград сияқты Кеңес Одағының екі басты қаласының басшылығына Г.Попов пен А.Собчак сияқты партия аппаратында бір күн де жұмыс істемеген жаңа үлгідегі демократтардың келуі ел ішінде партияның беделі біржолата кеткендігін айқын көрсетіп берді. Горбачев билікке келісімен күндердің күнінде аяқтан шалып, кедергі келтіруі, билікке таласуы әбден мүмкін Саяси Бюроның кәрі тарландары Гришин, Романов, Тихонов, Долгих, Демичевтерді біртіндеп қызметтен кетіріп, республикалар мен облыс басшыларының үштен бірін ауыс­тырды. Бірақ билік басына келгендердің бәрі бірдей халық қолдауына ие болған жоқ, ал әупірімдеп қызметте қалғандар әліптің артын бағып, тіршілік етуге көшті. Осындай қиын жағдайда бір кездегі одақтық және республикалық деңгейдегі партия көсемдерінің пәпігі оп-оңай басылып, халық алдында қайраткерлердің жаңа буыны бедел ала бастады. Кімнің кім екенін және оның қолынан не келетінін теледидар арқылы тікелей эфирге Кеңес Одағына ғана емес бүкіл дүние жүзіне көрсетілген КСРО Халық депутаттарының 1-ші съезі айқын көрсетіп берді. Міне, әйгілі Кремльдің Съездер сарайында 1989 жылдың 30 мамырында дәл осы съездің алтыншы отырысында трибунаға Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көтерілді. Бұл оның өміріндегі ең бір шешуші сәттердің бірі еді. Депу­таттар Орталық Азиядан шыққан, респуб­ликалық партия ұйымының бірінші басшысы емес, бар болғаны Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын, әлі 50-ге толмаған жас қайраткердің өзіне де, сөйлеген сөзіне де сын көзбен қарады. Енді «Назарбаев феноменін» зерттеумен айналысқан тарихшылар мен саясаттанушылар тарапынан әлі күнге дейін терең талдау нысаны болмаған осы баяндамаға жан-жақты тоқталып өтейік. Нұрсұлтан Назарбаев сөзін былай бас­тады: «Құрметті депутаттар, біздер істі қолға алып, социалистік таңдау шеңберінде қоғамымызды жақсылық жағына қарай жаңғыртатын шешімдер күткен миллиондардың өкілдері екеніміз рас қой. Әлде сіздерге бұлай көрінбей ме? Менің көзқарасымша, біздің міндеттерді шешудегі бас ауруымыздың түп-тамыры – базистің, экономиканың сырқатын емдеуде. Мұнда бізге дәл диагноз керек. Қызметтік міндетіме орай прак­тикалық-экономикалық мәселе­лер­мен айналысатындықтан айтарым, біз бүгін де ел экономикасындағы нақты жағдай туралы білмейміз». Ұзақ жылдар бойы басшылық қызмет­пен айналысқан қайраткер тұлғаның ел экономикасының нақты жай-күйін «біз білмейміз» деп мәселені бірден төтесі­нен қоюы өте үлкен батылдық еді. Шын­дықты сөз арасынан оқи алатын адам үшін «біздің» ар жағында «реформаны бас­тап отырған бас хатшы бастаған бас­шы­ларының ешқайсысы да білмейді» деген бұрын-соңды ешкім айта алмаған еркін пікір жатты. Әрі қарай қайраткер Кеңес Одағы экономикасының сорақы жағдайын ешбір бұрама, бұлтақсыз жария етті. Ол былай деді: «Өздеріңіз ойлап қараңыздар: КСРО Мемлекеттік статистика комитетінің деректеріне сәйкес елімізде өнім өндіру артқан, ал сөрелер бос. Экономикалық реформа бойынша қабылданған шешім­дер еңбекпен табылмаған ақшаның ағынын күрт арттырды, арзан ассортимент шайылып кетіп жатыр. Жоспарлар орындалғанымен, эко­но­миканың жағдайы нашарлай түсуде. Елімізде азық-түлік өндірісін арттырудың қажеттілігі жоқ, ал ауыл шаруашылығында табыстар өсе түсіп отыр. Неге? Мұндай «негелердің» ұшы-қиыры жоқ. Экономикадағы дағдарыстың бүкіл тереңдігін айқындап, оны еңсерудің нақты жолын табатын уақыт жетті». Бұл Кеңес Одағының көкезу басшыларына қарата айтылған, «көпірме, көп сөзді доғарып, тығырықтан шығатын жол таңдау керек» деген болат қайнауда шыңдалған қайраткердің батыл ойы болатын. Н.Ә.Назарбаев – қарапайым металлургтен республика Үкіметі басшысы дәрежесіне дейін өз еңбегімен өскен жан. Сондықтан ол әдетте Мәскеудің көбіне бірін-бірі жоққа шығаратын, мәнсіз, мағынасыз нұсқаулары мен «аса құнды ұсыныстары» өзгені былай қойып, соны дайындаған есімі үнемі белгісіз авторлардың өзіне де түсініксіз екенін анық білетін. Ол мұны да жайып салды: «Үкімет солармен ақылдаса келе шешім қабылдайды. Іс жүзінде біз не нәрсеге қол жеткізіп отырмыз? Бүгінде шаруашылық есептің бірінші, екінші, үшінші модельдері бар. Төртіншісі де болатын шығар. Бірақ шаруашылық есеп дегеннің өзі іс жүзінде мүлдем жоқ!». Осы кезде бағанадан бері «мына қазақ қалай-қалай басқа шауып, төске өрлейді» деп отырған небір ығай мен сығайдан тұратын, анау-мынау­ға елең ете бермейтін депутаттар дүркірете қол соқты. Бұл Қазақстан Министр­лер Кеңесінің жас төрағасының турашыл­дығына сүйсіністен соғылған қол шапа­лақтау болатын. Өйткені, осыдан тура екі жыл бұрын Одақ басшылығы мекемелерді шаруа­шылық есепке көшіру туралы ар­найы қаулы қабылдаған еді. Жан-жақ­ты ойластырылмаған бұл шара үл­кен дау-дамайға әкеліп соқтырды. Шаруа­шылық есеп моделіне қайта-қай­та өзгеріс енгізілгенімен, баға мен жалақы орталықтан белгіленген жағ­дай­да іс мүлде алға баспады. Тіпті, модель­ді өз бетінше жетілдірген талант­ты шаруашылық басшылары заң сала­сын­дағы келеңсіздіктерден істі бола бастады. Н.Назарбаев әрі қарай кеңес экономикасын тұралауға, тоқырауға жеткізген кемшіліктерді жілік майын шаға талдауға көшті: «Ескі реттеуші – орташа еңбекақы бар еді. Біз оны алып тастадық және дұрыс жасадық. Ал жаңасын ойлап тапқан жоқпыз. Мұнымен эмиссияны екі еселендіріп, елдің онсыз да шатқаяқтап тұрған қаржы жағдайын тығырыққа тіреп тындық. Он екінші бесжылдық тоқыраудың ең нашар дәстүрлерінің сыңайында жасалды. Сырттай болса да түзеген болып, барлық құжаттарға тауарлы өнім көрсеткіші талдамалық мақсаттар үшін есептік ретінде қабылданады деп жаздық. Бұған кім сенеді? Өсім қарқыны сақталып отыр, еңбекақы бұрынғысынша көлемге рубльмен байлап тасталған, ал тегершікті қайта есептеу, баға арқылы өсіріп, өнім өндірмей, нысандар салмай еңбекақы алуды біз ертеден білеміз және қазір де жалғастырудамыз». Ол мұнымен де тоқтаған жоқ. Орта­лық жіберген қателіктерді жіпке тізе отырып, ащы мысқылға ауысты: «Тауар­лардың емес, ақшаның толқыны он екінші бесжылдықта бұрынғыдан да қуаттырақ шығып, өзінің шарықтау шегіне жетті. Ведомстволардың көрсеткіштерін емес, адамдардың сұраныстарын қанағаттандыру да құр үндеу күйінде қалды. Ал енді ең архаикалық көрсеткішке – төрт құрметті ведомство енгізген еңбек өнімділігі мен орташа еңбекақы арасал­мағына қайта оралуға мәжбүр болып отыр­мыз. Олар маған ренжімей-ақ қой­сын, бұл құжат кәсіпорындарда «Төрт бандының  хаты» деген атауға ие». Жас төрағаның кесек-кесек тастаған сөздеріне айызы қанған депутаттар тағы да ду қол шапалақтады. Шындығында қайта құру кезеңінде елдің ең жоғары басшысы тарапынан тиісті мемлекеттік органдармен келісілмеген, бірін-бірі жоққа шығаратын, кейде күлкі, кейде ашу-ыза шақыратын құжаттар көптеп қабылданды. Назарбаев осындай қисынсыз құжат авторларын Қытайдағы «мәдени революция» кезінде зиялы қауымды зар еңіреткен «төртеу тобына» теңеп, масқарасын шығарады. Егер әлі күш-қуаты, бар құзыреті қолын­да төрт бірдей мемлекеттік орган басшыларының төртеуі де Кремльдің Съездер сарайында отырғанын ескеретін болсақ, жас төрағаның бұл бағасын қашанда бетің бар, жүзің бар демей тіке айтатын қайсар мінездің көрінісі демеске әддің жоқ. Қайта құру кезінде әбден кетеуі кеткен кеңес экономикасына нарықтық қатынастардың элементтері де енгізіле бастайды. Соның бірі өңірлер мен кәсіпорындарды өзін өзі қаржыландыруға көшіру болды, бірақ көтерме сауда бағасы өзгеріссіз қалды. Нәтижесінде мыңдаған шаруашылықтар тағы да мүсәпір халге көшті. Орайын тапса, артық өнімді көтерме сауда бағасымен сату арқылы азық-түлік тапшылығы проблемасын шешуге болатын. Бұл мәселе де төраға назарынан тыс қалмады: «Бүкіл экономика өзін өзі қаржыландыруға көшті, көтерме бағаны қайта қараған жоқпыз. Қазір біз бәрінен де қатты қажетсініп отырған ет пен сүтке төменгі рентабельділік қалыптастырылса, жалгерлердің мойнына ауылдың ескі қарыздарын іліп қойғымыз келеді». Кеңес Одағы кезіндегі келеңсіздіктің тағы бір түрі – үлкенді-кішілі бастық атаулының бәрі партияның атынан сөз сөйлеп, партияның атынан тапсырма беруді әдетке айналдырғаны еді. Нақты жауап беретін адам жоқ жерде нақты жауапкершіліктің де болмайтыны сияқты небір қисынсыз, тіпті зиянды ұсыныстардың авторы осылайша жазадан оп-оңай құтылып кететін. Осы бір қисынсыздық та төраға назарынан тыс қалған жоқ: «Анонимдік бізде алып тасталған. Келіңіздер, түрлі шаруашылық есеп модельдері, ауылдағы реформалар авторларының анонимдігін де құртайық. Бізге өз «батырларымызды», кімнің кім екенін білу керек». Зал осы тұста да дүркірете қол соғады. Жалпы, КСРО халық депутат­тары­ның съезіндегі ахуал партия съезіндегі жағдайдан мүлде өзгеше болатын. Егер партия съезінде бәрі алдын ала ойластырылып, шапалақ соғуды кім бастап, кім қостайтыны, тіпті оның ұзақтығы, фор­маты да (қол шапалақтау, ду қол шапа­лақтау, орнынан тұрып ұзақ қол шапа­лақтау) алдын ала белгіленетін бол­са, демократияландырудың алғашқы көр­і­ніс­тері орныға бастаған халық депутат­тары съезінде қол шапалақтаудың орнына ұнамаған шешендерді ысқырып, айқай­лап, трибунадан түсіру қалыптасқан еді. Сондықтан Қазақстан үкіметі төрағасы­ның сөзіне соғылған шапалақ оның шын мәнінде көптің көкейіндегіні айтқан батыл пікірлеріне көрсетілген шын жүректен шыққан қошемет деп қабылданды. Назарбаев жалпы Одақ экономикасын тұралауға әкелетін кемшіліктерді сын тезіне алып қана қоймай, одан шығудың жолдарын көрсеткен нақты ұсыныстардан кейін республиканың жай-күйіне көшеді. Бүкіл Қазақстанды ғана емес, күллі әлемді алаңдатып отырған экономикалық, дәлірек айтқанда, саяси, әскери, жаһандық мәні бар экологиялық проблемаларға ауысады: «Ведомстволық диктат шикізат ресурстарына аса бай, әлемдік рынокта жоғары сұранысқа ие біздің республиканы өзінің әлеуметтік дамуында аса ауыр жағдайда және экологиялық дағдарыс шегінде қалуға алып келді. Министрліктердің пілдің ыдыс-аяқ дүкеніне кіріп кетіп, бәрін қиратқанындай  ысырапқорлығының салдарынан Арал құрғап қалды. Екібастұз даланы күлмен көмкере бастады. Мұнай оны өндіретіндерге қызмет етіп жатқан жоқ. Жайылымдық  жерлер түрлі полигондардың еншісінде кетсе, өтемақы туралы мүлдем әңгіме жоқ». Республикалық деңгейдегі басшының Одақ басшылығын бұлайша сынауы, сынау ғана емес бүкіл Орталық Азияны экологиялық апат аймағына айналдыр­ғанын ашық айыптауы бүкіл Кеңес Одағы тарихындағы бірінші жағдай еді. Әрине, мұндай мәселені жазушы, ғалым ағайындар айтса зиялы қауымның әдеттегідей «өкпе-назы» ретінде қабыл­да­на­тын. Ал Министрлер Кеңесі төрағ­а­сы­ның айтуы Одақ басшылығына деген ашық қарсылықтың айқын көрінісі болатын. Н.Назарбаев әрі қарай жоғары трибунаны былай қойып, ресми құжаттарда «өте құпия» деген грифпен қарастырылатын, қазақ халқына тажал болып жабысқан Семей ядролық полигонының зиянды зардаптарын айтуға көшті: «1946 жылдан бері жұмыс істеп тұрған және әуелі жарылыстар әуеде жасалған Семей ядролық полигоны туралы ерекше айтқым келеді. Оның төңірегіндегі халық сол уақыттан бері төрт есе өсті. Бірақ әскерилер бізді сынақтардың адам денсаулығы үшін пайдасы бар деп сендіруден де тартынар емес. Біз мұның бүгін мемлекеттік қажеттілік екенін түсінеміз. Бірақ атом жарылыстарының қоршаған ортаға ықпалы туралы түбегейлі талдау жүргізіп, ол туралы адамдарға айту керек қой. Сонда тұрып жатқандардың өмірлерін жақсарту үшін кейбір шығындарды айтпағанның өзінде». Бүгінде «полигонды мен жаптым», «ол жапты» дейтіндер өте көп. Бірақ бұл полигон мәселесінің Кеңес Одағының ең жоғары заң шығару органының бүкіл әлем көз тіккен биік мінбесінде тұңғыш рет ресми түрде көтерілуі болатын. Әрине, бүгінгі қазақстандықтар Семей ядролық полигоны мен оның қисапсыз мол қасіреті туралы әбден хабардар. Ал Кеңес Одағы әлі күш-қуаты қолында, әскери-өнеркәсіп кешені ойы­на келгенін істеуге шамасы бар сол кезеңде мәселені дәл осылай төтесінен қою ерлікпен пара-пар еді. Төраға мұнымен де тоқталмады. Әскери-өнеркәсіп кешенінің мақтанышы, жалпы кеңес қоғамының артықшылығы саналатын ғарыш саласындағы келеңсіз­діктерге де тоқталып өтті: «Адамның данышпан ақыл-ойы Байқоңыр­ды, тамаша Ленинск қаласын өмірге әкелді. Бірақ еліміздің ғарыш айлағының қақпасы, Төретам стансасы жергілікті тұрғындардың қарабайыр қонысы болып қалып отырғанын сіздердің араларыңызда білетіндер аз». Осы тұста «басқа шауып, төске өрлеп» бара жатқан жас төрағаны тоқтатуға әрекет етушілер де табылды. Трибунада тұрған қайсар мінезді қазақ қайраткері енді қайта құру кезіндегі кемшіліктерге ауысып, Одақтың министрлік басшыларын сын тезіне алды: «Қайта құрудың төрт жылы өтті, ал одақтық министрліктер кәсіпорындарға, тіпті, әлі де жоспардан тыс өнімдерді, тіпті, қалдықтар мен қайталама ресурстарды, мұнай мен көмірді пайдалануға да мүмкіндік бермей отыр. Қазақстанға иеленуге мұрсат берілген басқа нәрселер өнеркәсіп көлемінің тек 7 пайызын ғана құрайды, ал кәсіпорындардың 93 пайызы республикаға өз табыстарының тек 1 пайызын ғана аударады. Республика Мәскеу кабинеттерінде қашанғы алақан жайып жүрмекші?». Дәл осы тұста зал тағы да ду қол шапалақтауға көшеді, бірақ сол жолғы шапалақтың орны өзгеше еді. Бұл қазақ қайраткерін залда отырған «мұңы бір» одақтас республикалардан келген депутаттардың қолдауы болатын. Бұдан әрі қазақ төрағасы жер мен оның байлығы белгілі дәрежеде ғана одақтық меншік болуы керектігі және оның бар байлығы республиканың өзінде өңделуі керектігін алға тартады. Ол рес­публикаларды қолдау арқылы Одақтың өзі күшейетіндігі туралы бұдан кейін кеңестік баспасөз іліп әкетіп, афоризмге айналдырған, «қуатты республика – қуатты орталықтың негізі» деген тезис­ті айтты. Кеңес Одағы кезінде Саяси Бюро құрамында көз алдау үшін Орталық Азия мен Кавказ жұртынан шыққан бірлі-жар­ым өкілдер болғанымен одақтық үкімет пен орталық орган бас­шы­лары негізінен ресей­ліктерден тұра­тын. Ал Қорғаныс, Құқық қорғау және Сыртқы істер саласында бас­шылық қызмет істейтін республикалық өкіл­дер мүлде жоқ болатын. Н.Назарбаев тікелей Саяси Бюроның құзыретіне кіретін бұл тақырыпты да айналып өткен жоқ: «Ұлттық республикаларға құқықтық, қорғаныс, сыртқы саясат басшылығын қоса алғанда, барлық федералдық органдарда лайықты өкілеттілікке кепілдік берілуі тиіс». Мұндағы Құқық қорғау органдары деген ұғымға сол кездегі түсінік бойынша КГБ, ІІМ, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Әділет министрлігі сияқты әлеуеттік органдар енетін. Бұл Н.Назарбаевтың республика шеңберінен шығып, одақтық деңгейге еркін көтерілген батыл ойлы қайраткер екендігін көрсетіп берді. Республикалық деңгейдегі проблема­лар­ға кеңінен тоқталып өткен төраға сөзі­нің соңына қарай Кеңес Одағы сияқ­ты алып мемлекеттің әрбір өңіріне қатысты проблема – жергілікті басқару мәселесіне ойысады: «Жергілікті өзін өзі басқару туралы заң қабылдауды жедел­дету қажет. Төрт жыл әңгіме етіп келе жатқанымызбен, бүгін де біз қандай билік туралы айта аламыз! Іс жүзінде ол жоқ! Сондай-ақ, жер­гілікті Кеңестерге ауданнан респуб­лика­ға дейінгі деңгейлерде, егер олар эко­ло­гиялық күрделіліктерге алып келе­тін болса, сол өңірдің қауіпсіздігі мен тұрғындарының денсаулығына қатер төндіретін болса, кез келген сатыдағы кез келген ведомствоның шешімдерін тоқтатуға рұқсат беруді заңнамалық тұрғыдан шешу керек». Тағы да ду қол шапалақ. Бұл жолы қазақ төрағасын Кеңес Одағының әр өңірінен келген жергілікті орган басшылары көкейдегі сөзін айтқаны үшін қолдаған еді. Сөзінің соңына қарай Н.Назарбаев «кемедегінің жаны бір» екендігін еске сала келіп, халықтар достығы мәселесіне ерекше көңіл бөлуге назар аударды. Шындығында Желтоқсан көтерілісінен кейін Тбилиси оқиғасы, грузин-абхаз, грузин-осетин қақтығыстары, Оштағы қырғыз-өзбек қырғыны, Ферғанадағы өзбек-месхет түріктері бүліктері, Мол­дова, Балтық елдеріндегі ұлтаралық жан­жал­дар орын алды. Мұның алдын алмаса, болашақта бүкіл Кеңес Одағы кең көлемдегі ұлтаралық қақтығыстар аренасына айналуы әбден мүмкін екендігін және одан алдымен өз жерінде азшылықта отырған қазақтар зардап шегетінін айқын білген Н.Назарбаевтың бұл ұсынысы да көптің көңілінен шықты. «Халықтар достығы» тезисін дамыта түсіп, ел Желтоқсан оқиғасына кезінде берілген, қазақ халқының ашу-ызасын туғызған бағамен келіспейтінін білдіріп, қазақтардың интернационалдығына күмән келтірмеу керектігін қадап айтты. Сөзін жинақтай келіп, ол: «Бізге автаркия керек емес, бізге экономикалық конвейерді бекемдеу керек, ал интеграциямен қазір бүкіл әлем айналысады», – деген қорытынды жасайды. «ВКП(б)-ның қысқаша курсымен» ғана сауат ашқан партиялық функционерлер баяндамашының Кеңес Одағына тән «жабық экономиканы» меңзейтін «автаркиясынан» көп ештеңе сезбесе де, «интеграциясын» ашық түсінді. Қазақстан үкіметі төрағасының сөзі залда отырған Одақтың саяси элитасына да, оны теледидардан көрген бүкіл халыққа да саясат сахнасына жаңа тұрпаттағы, еркін ойлы, жігерлі, салмақты, сабырлы мемлекет қайраткері шыққанын айқын көрсетіп берді. Оның сөзі өзімен бірге «жыл келгендей жаңалық» ала келді. Назарбаевтың баяндамасына мәтіндік талдау жасар болсақ, онда «экономика», «экономикалық» деген ұғымдар 12 рет ұшырасады екен. Нақты материалдық игіліктер өндіру­мен шыңдалған қайраткер тұлғаны шын мәтінде саясат туралы көпірме сөз­ден гөрі қарапайым халықтың әл-ау­қа­тын арттыруға бағытталған нақты эко­номиканың жағдайы көбірек алаңда­татын еді. Ол осы бағытынан кейін де тайған жоқ және бұл идея «алдымен – экономика, одан кейін – саясат» деген тезис­пен әлі күнге дейін барша қазақ­стан­дықтардың игілігіне қызмет етіп тұр. Бүкіл Кеңес Одағы саяси элитасының назарын өзіне аударған Назарбаев баян­дамасының басты тезистерін тағы бір түйіндеп өтейік: Одақ экономикасының халі өте мүш­кіл, оны жасырмай ашық мойындау керек; даңғаза мен дақпыртты қойып, дереу сөзден іске көшкен жөн және ол үшін тығырықтан шығар жаңа жол, жаңа экономикалық саясат қажет; одақтық үкімет дәл осы күйінде өзіне жүктелген қызметті атқара алмай отыр, сондықтан оған түбегейлі түрде құрылымдық өзгерістер жасап, қайта жасақтау керек; билік шамадан тыс орталықтандырылған және сол себепті республикалар мен облыстарға заң жүзінде қосымша құзырет пен еркіндіктер беру қажет; жоспарлы экономикадан біртіндеп шаруашылықты өзін-өзі қаржыландыруға көшкен жөн; кеңестік өнеркәсіпті санға емес, сапаға лайықтап қайта құру керек; азық-түлік өнімдеріне тапшылықты жою үшін өнім өндірушіге экономикалық еркіндік берген жөн; қаржы жүйесіне реформа жасалып, баға мен жалақыны орталықтан белгілеуді доғару керек; жергілікті органдарға (облыстық, аудандық) өзін-өзі басқаруға көшуге мүмкіндік жасаған жөн; экологикалық апаттардың алдын алу үшін одақтық деңгейдегі кешенді бағдарлама қажет; жабық экономикалық саясат шеңберінен шығып, әлемдік инте­грацияға ұмтылу керек; көпұлттық жағдайда ұлт мәселесіне, халықтар достығына ерекше мән беріп, ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу қажет. Ең бастысы, Одақты сақтап қалу үшін республикаларға барынша дербестік беру керек. Қуатты респуб­ликалар ғана қуатты орталықты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Қазақстан үкіметі басшысының сөзі съезде нағыз фурор туғызды. Ол көтерген әрбір мәселені одақтық ақпарат құралдары жабыла, жарыса жазды. КСРО Халық депутаттарының съезі сол кездегі жалғыз одақтық телеканал арқылы бүкіл Кеңес Одағына кеңінен көрсетілді. Ешбір бояма, бүкпесіз тікелей эфир арқылы берілген бұл көрсетілімді саяси ақпаратқа сусаған бүкіл халық айызы қана отырып тамашалады. Коммунистік партия, ең алдымен, жұмысшы табының партиясы болды. Партия елдегі экономикалық игіліктерді өндіретін, саяси тұрақтылықты сақтай алатын, соңына мыңдаған, қажет жағдайда миллиондаған адамдарды ерте алатын жұмысшыларға арқа сүйеді. Ал қайта құру пар