• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Үкімет 27 Сәуір, 2023

Өзгерістердің жаңа кезеңі

222 рет
көрсетілді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы облысы мәслихатының депутаттарымен кездесіп, Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындаған міндеттерді талқылады.

Кездесуде Сенаттың мәслихаттар­мен өзара іс-қимылының жаңа форматы жөнінде де сөз қозғалды. Өз сөзін­де Палата спикері Қазақстанның әлеу­меттік-экономикалық даму мәсе­лелері жөніндегі кеңесте ел Прези­денті жүктеген міндеттерді сапалы әрі жедел іске асыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын Палата екенін атап өтіп, алдағы уақытта да мәслихаттармен байланыс күшейе түсетінін жеткізді.

«Әр өңірде өзіне тән өзекті мәсе­ле­лер бар. Олардың басым көп­­шілігі, Президентіміз атап көрсет­кендей, инфрақұрылымға, әлеумет­тік нысандарға, мемлекеттік бағдар­ламалардың іске асырылуына қатысты. Сенат депутаттары осы мәселелерді орталық деңгейде жүйелі түрде көтеріп, олардың оң шешілуіне ықпал етеді. Былтыр Парламент 86 заң қабылдады. Олардың 13-іне депутаттардың өздері бас­­тамашы болды. Қабылданған заңдар­дың бәрі елдің дамуына және халық­тың өмір сүру сапасын арттыруға бағыт­талған. Бүгінде Президентіміз бекіт­кен он ұлттық жоба іске асырылуда. Оның бәрі – өңірлерге тікелей қатысы бар құ­жат­тар», деген Мәулен Әшімбаев жиын­ға қатысушыларды Мемлекет басшы­сы жүктеген міндеттерді іске асыру жолында жұдырықтай жұмылуға шақырды.

Сенат спикері бүгінде елімізде жер­гілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару жүйесін дамыту бағы­тында ауқым­ды жұмыс атқары­лып жатқанын, со­ның барысында мәслихат­тардың рөлін арт­тыру да маңызды қадам екенін айтты. Мәулен Әшімбаев қазір­дің өзінде қол­даныстағы заңнамалар­ға бірқатар мемле­кеттік функция­ны орта­лықтан өңірлерге беретін тиісті түзетулер енгі­зілгеніне назар аударды. Алдағы айларда осы бағытта тағы біраз жаңа нормалар қабылданады.

«Бүгінде Президентіміз басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне үлкен мән беріп отыр. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жуырда әкімшілік реформалар бойынша бірқатар заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде, Үкіметтің біраз функция­сы орталық мемлекеттік органдарға берілді. Әкімшілік реформаның келесі кезеңінде бірқатар құзырет жергілікті билік органдарына берілуге тиіс. Осыған қатысты тиісті заңдарды алдағы айларда қабылдауды жоспарлап отырмыз. Жалпы, әкімшілік өзгерістердің жаңа кезеңі жергілікті өкілді органдардың құзыретін кеңейтуге жол ашады деп сенеміз», деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы М.Әшімбаевтың мәслихат депутаттарымен кездесуінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтан­ғазиев өңірдің әлеуметтік-эко­но­микалық бағыт-бағдары жөнінде баяндады.

«Әкімшілік орталықтың аудандарға жақындай түсуі – облыстың аумақтарын теңгерімді дамытуға мол мүмкіндік беріп отыр. Маятниктік көші-қонды төмен­детіп, үлкен экономикалық өсім беретін ірі жобалар бастау алды. Ең алдымен, Алматы және Қонаев қалаларының арасында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бірегей жоба келешекте 3,7 трлн теңге инвестиция тартуды көздейді. Екіншіден, Алматы қаласының маңында жалпы алаңы 1,5 мың гектар болатын 4 индустриялық аймақ құрудамыз. Ол жерде түрлі салалардағы перспективалық жобаларды орналас­тыру қарастырылған. Үшіншіден, мегаполистің айнала орналасқан 183 мың адам тұратын 674 саяжайлар мәсе­лесін кезең-кезеңмен шешу басталды. Атап айтқанда, елді мекендердің бас жос­парларына түзету енгізіліп, олардың құра­мына 270 саяжай массиві қосылады. Төр­тіншіден, облыс орталығы – Қонаев қалас­ын дамудың жаңа нүктесіне айнал­ды­ру мақсатында тиісті жұмыстар ат­қа­­ры­­лып келеді», деген облыс әкімі Қонаев қаласынан Ғылым мен білім ми­­нистр­лігімен бірлесіп, Академиялық қа­­ла­шық құрудың жол картасы қабыл­дан­­­ған­дығын, алдағы мамыр айында қала­­­ның Бас жоспары бекітілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар сапар барысында Сенат төрағасы Алматы облысының белсенді жастарымен кездесті. Ол жас саясаткерлердің жаңа буыны Президентіміз белгілеп берген Әділетті Қазақстан құру бағдарын әрі қарай жалғастыратынына сенім білдірді.

«Өздеріңізге белгілі, 2019 және 2020 жылдары Жастар және Волонтерлер жылы болып жарияланды. Білікті жас­тарды елдік істерге тарту үшін Прези­денттік жастар кадрлық резерві құрыл­ды. Мемлекет қашанда сіздердің ой-пікір­леріңіз бен ұсыныстарыңызды тыңдауға дайын. Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубы мен Талдау мек­тебінің де негізгі мақсаттарының бірі осы. Сіздерді аталған жобаларға бел­сенді қатысуға шақырамыз», деген Палата спикері әр адам өз бойында дұрыс құндылықтарды қалыптастыру үшін терең білім мен кәсіби қабілет қажет екенін айтты.

Сенат төрағасы сапар қорытын­ды­сында «Шарапат» арнаулы әлеу­меттік қыз­мет көрсету орталы­ғының ұжы­мымен кездесті.

 

Алматы облысы