• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Фотогалерея 02 Мамыр, 2023

Көз арбар көркем әлем

322 рет
көрсетілді

Әр дәуірдің өз бояуы бар. Қарап отырып таңырқайсыз, тамсанасыз. Иә, әркім тарих бетін өзінше әрлейді. Сенсеңіз, сол суреттер әлі де біздің көңілімізді тербейді. Біз көрген палитрадағы түстер сан алуан. Оны салған – біртуар суретші Әбілхан Қастеев.

Ұлы суретшінің кіндік қаны тамған топырақтың адамдарында көркемөнерге деген құштарлық пен құрмет болуы заңды. Заман қанша құбылса да қыл­қа­ла­мның ұшын қатырмай, шебердің мұра­сын шырақшыдай қорыған ата­жұрты бас суретші ама­натын асқақ­тат­паса, аласартқан емес.­ Әрине, техно­ло­гияға негізделген қоғам­да­ рухани құн­дылықтардың репеті бұзы­ла­тыны анық, әйтсе де туған жердің әуе­ні­ де әлемі де басқа. Бізге бұл әдемі әсер­­ді­ сый­ла­ған Жаркент шаһарындағы «Әбіл­хан­ Қас­теев­тің көркемсурет галереясы».

Халық суретшісінің атын иемденген­ мә­дени ордада жаркенттік қылқалам шебер­лерінің өнерін өрістетуге барлық жағдай жасалған. Қазақ кәсіпқой көр­кемсурет өнерінің атасы атанған Әбіл­хан­ Қастеевтің 100 жылдық торқалы тойы­ ЮНЕСКО-ның қолдауымен 2004 жылы­ әлемдік деңгейде атап өтіліп, оның­ шапағаты қылқалам шеберінің туған жеріне де жеткен. Жерлестеріне тарту­ етілген бұл галерея бүгінде аудан халқы­ның­ шаңырағы шуақты рухани ордасына айнал­ды.

Осыдан 20 жыл бұрын ашылған сәтте гале­­реяның барлық залына түгелдей ха­лық­ суретшісі, Мемлекеттік сый­лық­тың иегері­ Ә.Қастеевтің төл туын­ды­ла­ры­ қойы­­лып, жерлестері мол мұраны тама­ша­лау­ қуанышына кенелген. Алматыдағы Мем­лекеттік мұражайдан әкелінген бұ­л­ кар­­ти­налар 3 айға жуық галереяда­ тұ­рып,­ суретшінің туған жерінде өткен 100 жылдық тойына келген барша қауым, тоғыз жолдың торабында тұрған Жар­кент­ке жолшыбай тоқтаған саяхатшылар да мұн­да бас сұғып, көңіл-қошын тапқан. Сол тұста кейбір айтқыштар дүбірлі той өт­кен соң бұл галерея адам аяқ баспайтын­ орынға айналар деген. Бұл пікірдің жаңсақ еке­нін галерея ұжымы 20 жылдағы тынымсыз қарекеті арқылы дәлелдеді. Сол күн­­нен бері мұнда 450-ден астам көрме өткі­зілді.

Бүгінде көне ғимарат жаркенттіктер үшін қасиетті шаңыраққа айналды. Осыдан 130-140 жыл бұрын жасалған көне үйлер қата­рындағы бұл нысан туралы әңгімені әрі­ден өрбітсек, 1880 жылы Кетпен тауынан тасып әкелінген ағаш бөренелерден салын­ған ғимарат 1928 жылға дейін ақ, қызыл уезд басшыларының кеңсесі болған. Одан кейінгі уақытта аудандық партия коми­тетінің, кейіннен комсомол, білім, пио­нер сияқты мемлекеттік, қоғамдық ұйым­дарға кезегімен мұраға қалдырылып, соңғы жылдары иесіз тұрған. Өтпелі кезең­де тарихи ескерткіштер тізіміндегі көне ғимаратты ешкім жекешелендіре алма­ды. Мұнда түрлі қоғамдық ұйым, ком­мер­циялық құрылым уақытша қоныс­танды.

Ұжым бастамасымен галерея жұмыс іс­тей бастаған алғашқы 5-6 жылда-ақ­ елімізге белгілі шеберлердің жеке көр­ме­лері ұйымдастырыла бастады. Алғаш рет Оқу ағарту ісінің үздігі, сурет­ші Дәуіт Тәжиев өзінің жеке сурет көрме­сін қойды. Одан кейін Жаркент жұрты Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Камил Молла­шевтің, Т.Жүргенов атындағы көркем­сурет академиясының кескіндеме факуль­те­­тінің профессоры Жұмақан Қайрамбаев пен Франция және Ресей көркемсурет ака­де­­миялары «Алтын медалінің» иегері Дария Жұмақанның «Әке мен бала. Үндес­тік» атты, Суретшілер одағының мүше­сі Хамит Файзулиннің, Ермақан Жүніс­хан, Абай Бейсенбетов көрмелерін 45 күн­нен тамашалады.

Одан кейін галерея ұжымы жергілікті халық­тың өтініш-тілектерін ескеріп, Жар­кент өңіріндегі ауылдық округтер­де­ тұратын әуесқой суретшілерге жол­ берді. Екі-үштен бірігіп сурет, қол­өнер бұйымдарының көрмелерін өткіз­ген­ ауылдық округтердегі шеберлер бойын­да­ғы өнерін жұртқа жария етті. Дәркенбай Шоқ­паров, Дінмұхамед Қонаев, Нұрмолда Алда­бергенов, Шымкенттегі Ә. Қастеев атын­дағы көркемсурет колледжінің мұра­жай­лары мен жинақтаған қорларынан көр­ме­ өткізілді.

Галерея ұжымы Әбілхан Қастеевтің аты­­ аталатын өнер және білім ордалары­мен тығыз байланыс орнатудың шара­ларын жасап келеді. Алматыдағы көркемсурет ака­демиясы мен Суретшілер одағымен тығыз қарым-қатынас жасап, ауданнан, облыс­тан кәсіпқой суретшілер даярлау мен қылқалам құдіретін ел ішінде терең дәріп­теуге мүмкіндік алды.

«Қазір галереяда халықаралық симпо­зиумда шеберлігімен танылған түрік, қазақ, қырғыз, өзбек суретшілерінің көр­ме­сі өткізіліп жатыр. Бұл картиналарды Жетісу облыс­тық көркемөнер галереясының қоры­нан әкелінді», дейді галерея меңге­ру­шісі Берік Әбілханов.

Оның айтуынша, халық суретшісінің 100 жылдық тойы қарсаңында облыс әкі­мі­нің­ шешімімен суретшінің туған жерінде көркем­сурет галереясын ашу ұйғарылып, көне үйді уақыт талабына сай жөндеп, ретке­ кел­тіруге бюджеттен қомақты қар­жы­­ бөлінген. Сөйтіп, жаркенттіктердің көз­ қуа­нышына айнал­ған руханият ошағы есі­гін айқара ашып, халыққа қызмет жасай­ ба­с­таған.

Әбілхан Қастеев картиналары Алма­­­­ты­­­дағы мемлекеттік мұражайға қай­­­­та­­­­рыл­ға­н­нан­ кейін, кезең-кезеңімен Қазақ­­­стандағы өткен­ ғасыр және қазір­гі­ сурет­­шілердің, аудан­­дағы өнерлі талап­кер­­­лер­дің бейнелеу және­ қолданбалы өнер­ туындыларының көр­мелері ұйым­дас­­ты­рылды. Жаркент өңірін­дегі мектептерде еңбек ететін сурет­ші­ ұстаздардың жұмыс­­та­ры көрермен тал­ғамынан шық­қа­ны анық. Олар­дың ара­сында аудан­ тұр­ғындарына таны­мал, Қазақ­стан Сурет­­шілер одағы­ның­ мүше­сі, талантты суретші-мүсін­ші Ақан Оймауытовтың тарихи­ тақы­рып­та­ғы,­ туған жер табиғатын бей­не­ле­ген­­ кар­тиналарының шоқтығы биік­ тұр­ды. Сонымен қатар сурет пәні­нің­ мұға­лім­де­рі марқұм Батырхан Ниет­баев жазиралы Жаркент жерінің сұлу­лы­ғын су бояумен түстердің үйле­сім­ді­­­лігі арқылы шебер көрсете білсе, Ж.Қашқынбаевтың «Ә.Қастеев портреті», мар­құм А.Атам­­баевтың портреттік серия­сы,­ М.Досым­құ­­­ловтың «Жайлаудағы күз»­ және Б.Кө­шер­­­­­­баевтың портреттік жұ­мыс­та­ры көрер­­мен көңілінен шыққан еді.

Өз кезегінде галерея ұжымы көрме маз­­­мұнын құбылтуға әрекет жасады. Сол­ арқылы тұрақты көрермендерін жалық­ты­рып алмай, керісінше соны үлгідегі жаңа­лық­тармен өздеріне тарта білді. Бұл орайда «Ә. Қастеев көркемсурет галереясының» бұрын­ғы директоры, суретші Дәулет Әділов­тің іскерлігі мен тапқырлығын ризашылықпен атап өткен орынды. Ұжым басшысы Берік Әбіл­ханов, өнертанушы Жамила Талғарова, экспонаттарды таныстырушы Мұрат Шалғымбаев, қор сақтаушы Шолпан Заманбекова, қараушы Нұрғанат Жұмабеков, жұмысшы Серік Бекенов әр кез галереяға экспонаттарды ұтымды орналастырып, олардың мәнін, мазмұнын көрерменге жеткізе білуде тапқырлық танытып жүр.

Жалпы, «Мәдени мұра» бағдар­ла­­ма­сы­ның аясында атқарылған жұ­мыс­тар­ жер­гі­лік­­ті халықтың көңіл қуа­ны­­шына айналды.­ Осын­дай жақ­сы­лық­тар шалғайдағы ауыл мен­ шағын қала­ларда тұратын өнерлі жандар­ды­ да шабыт­­­­тандырған тәрізді. Мұны Жар­кент­ өңірінде тұратын кәсіпқой, әуес­қой­ суретшілердің шығармашылығын елге­ танытуға деген ұмтылысынан айқын аңғар­дық.

 

Жетісу облысы