• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Құқық 11 Мамыр, 2023

Сандалтқан сараптама

279 рет
көрсетілді

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Батыс Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы басшысы Зәуірбек Қыпшақбаевтың үстінен қозғалған іс сотқа жетті. Оған жергілікті кәсіпкерден 32 млн теңге пара алды деген айып тағылған. 14 сәуір күні алғашқы сот отырысы өтті.

Бұрынғы басшы Зәуірбек Қыпшақбаев 2022 жылдың қа­раша айының соңында Орал қаласында қамауға алынған болатын. Оған Қазақстан Рес­публикасы Қылмыстық кодек­сінің 366-бабының 4-бөлігіне сәйкес «бірнеше мәрте пара алды» деген айып тағылып отыр. Айыптау тарапының нұсқасы бойынша, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Батыс Қазақстан облыстық филиа­лының бұрынғы басшысы 2022 жылдың мамыр-қараша айларында «Шыңғырлау-Ақсай» автожолын салып жатқан «ДСК «Приоритет» компаниясы басшысынан барлығы 32 миллион теңге пара алған. Бұл қаржы ұлттық сапа орталығынан оң сараптама алу үшін берілген. Компания басшысы Жанна Кенжинаның айтуынша, ол З.Қыпшақбаевтың ұзақ уақыт бойы ақша бопсалап жүргенін бірден айта алмаған: «Мен жол құрылысы қызып жатқан уақытта ол туралы айтар болсам, жаз бойы жол салынбай қалар еді және жолды уақытында салмағаным үшін мен кінәлі болар едім», дейді кәсіпкер.

З.Қыпшақбаев пара алу сә­тінде қолға түскеннен кейін көп ұзамай-ақ «ДСК «Приоритет» компаниясының басына да қара бұлт үйіріле бастаған. Ал­дымен «Жол активтері сапа­сының ұлттық орталығы» мамандары «ДСК Приоритет» компаниясының алдағы жол маусымына дайындап қойған жол-құрылыс материалын, атап айтқанда, қиыршықтас үлгілерін алып, сынақтан өткізеді. Олар­дың нәтижесі теріс болып, ком­панияның аттестатталған өз зертханасының нәтижесіне сәй­кес келмейді.

Бұдан кейін тапсырыс беру­шінің бастамасы бойынша барлық мүдде­лі тұлғалардың қатысуымен «Жол активтері сапасының ұлттық орталы­ғының» сынақ зертханасының базасында іріктелген қиыршықтас сынамаларына қайта сынақ жүргізіледі. Сынақ барысын қадағалаған мамандар сынақтарды жүргізу алгоритмі мен әдістерінің бұ­зылуын анықтайды және бұл бұрын жүргізілген сынақтардың объективтілігіне күмән келтірді. Осыған байланысты «ДСК Приоритет» компаниясы өзге тәуелсіз, аккредитталған зертхана мамандарын тарту үшін «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» Ақтөбе филиалы және «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның зертханасына жүгінуге мәжбүр болады. Олар қиыршық­тасқа қойылатын сапаны растап, қорытынды береді.

«Мәселені шешу үшін «Ата­ме­кен» кәсіпкерлер палатасы прокуратура органдарына жү­гінді. Нәтижесінде, жолға тапсырыс беруші «Қазавтожол» ҰК» АҚ қиыршықтастың жол құрылысына пайдалануға жа­рам­дылығы туралы шешім қа­былдады және «Жол актив­тері сапасының ұлттық орталы­ғы» филиалының негізсіз әрекет­терінің жолын кесті. Бұған кә­сіп­кердің табанды әрекеттері ықпал етті. Ол жарты жолда тоқтамай, сауатты және жедел әрекет етті. Соның арқасында келісімшарт міндеттемелерін орындамау және оны мердігерді мемлекеттік сатып алуға жауапсыз (жосықсыз) қатысушылар тізіміне еніп кетуін болдырмады», деп жазды осы дауға ара ағайын ретінде араласқан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы БҚО филиалының директоры Нұржан Мақсотов.

Бірақ кейін «Жол активтері­­нің ұлт­тық сапа орталығы» РМК БҚО бойын­­­ша филиалының дирек­торы Абы­лай­хан Алшынбаевтың өзі де баспасөз бетінде «ДСК Прио­ритет» мекемесінің «Подс­тепное-Фе­доровка-РФ» шекарасы автомобиль жолын қай­­­­­та жаңғырту жобасына пайда­ла­на- тын қиыршықтас Қа­зақ­стан Рес­публикасы тех­ника­лық реттеу жүйесіне сай екендігін мойындаған. Тек кәсіпкердің жо­басында бұл құрылыс ма­териа­лының уатылғыштық мар­кісі 1400 деп көрсетілген. Ал филиал жүр­гізген сараптама оның маркісін 1200 деп қоры­тын­ды шығарған. Яғни жобадағы көрсеткішке сәйкес емес. Алайда бұл қиыршықтасты жол жабынына пайда­лануға болады. Тек тапсырыс беруші мен мердігер осы қорытынды бойынша қайта келіссөз жүргізіп, жобаға өзгеріс енгізуі керек. А.Алшынбаев «Біз мердігердің жұмысын тоқта­ту туралы шешім шығарған жоқ­пыз» дегенімен, жоғарыдағы дау-дамайдың ке­сірі­нен жол құрылысы уақытында басталмай, тоқтап қалды. «Бұл бізге жасал­ған қысым», дейді «ДСК Прио­ритет» өкілдері.

Осыған ұқсас оқиға «ДСК Приори­тет» компаниясы жөн­де­ген Орал қа­ласындағы Гагарин көшесінен де шық­ты. Көше жолы екі аптадай бұ­рын жөнделіп, пайдалануға дайын болғанымен, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалы бұл жердің де асфальтбетон қоспасынан сынама алып, теріс қорытынды шығарған. Құрылыс компаниясы директорының орынбасары Жарас Ахметов ол шешіммен келіспейді.

«Ұлттық сапа орталығының біздің жолдан алған пробасы 3 келі ғана. Стан­дарт бойынша 10 келі болуы керек. Және олардың зерттеуі бойынша қос­па­ның битумы 2,9% деп көрсетеді. Он­дай құраммен асфальт бетон жасалмайды. Егер асфальт құрамында битум небәрі 2,9% болса, асфальт бірікпес еді. Мұны біз өз зертханамызда тәжірибе жүргізіп дәлелдеп отырмыз», дейді Жарас Ахметов.

Әрине, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалы ешкімге қысым жасалмайтынын айтады. Бірақ нәтиже мынау: жөнделіп біткен көше жолы халық игілігіне берілмей, жұртқа қолайсыздық тудырып, әлі жабық тұр.

Жалпы, Батыс Қазақстан облысында жол сапасына зерттеу жасай алатын 10 шақты зертхана бар. Олардың бәрі де Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредитация орталығынан» аккредитациядан өт­кен. Бірақ республикалық мәртебесі бар «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығына» басымдық беріліп, 2022 жылы батысқазақстандық мемлекеттік мекемелер – 154, мердігер компаниялар – 20, тех­ни­калық бақылаушылар 2 млн теңгеге осы филиалмен келісім­шарт жасасқан. 2021 жылы да бір ғана Батыс Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» БҚО филиалымен 100 млн теңгеге келісімшарт жа­саған екен. Бір қызығы 2022 жыл­дың қараша айында орталық филиалының аккредитациясы тоқтатылғаны туралы айтылуда. «Ендеше бұл филиал өз қызме­тін қа­лай жүргізіп отыр?» деген сауал туындайды.

– Біздің компания 2008 жылдан бері жол құрылысымен айналысып келеді. 2022 жылы Зәуірбек Қыпшақбаевтың бопсалауын жариялаған күннен бастап алдымыздан түрлі кедергі шыға бастады. Оған дейін мұндай болған емес еді. Батыс Қазақстанда жол салып жатқан тек біздің компания емес. Бірақ барлық кедергі неге бізге келіп тіреле беретінін көзі ашық адам түсінсе керек, – дейді «ДСК Приоритет» компаниясының басшысы Жанна Кенжина.

Батыс Қазақстан облысы – жол азабын әбден тартып келе жатқан өңір. Облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 31 пайызы, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың 61 пайызы қанағатта­нарлықсыз күйде. Бұл – бүкіл еліміз бойынша ең төменгі көрсеткіш. Сондықтан да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысында автожол құрылысын жедел дамыту­ды тапсырған болатын. Алайда жоға­рыдағыдай кикілжің тұтас жол құры­лысына кедергісін тигізіп, оның зардабын қарапайым халық тартып жатыр.

«Мен – әйелмін және парақор­лық жүйеге қарсы күресуге шешім қа­был­даған адаммын. Егер менің салған жолым шынымен сапасыз болса, біздің компанияның қан­дай да бір былығы болса, мен үшін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалы дирек­торының сұрағанын беріп отыра берген тиімді болар еді. Мен өзімнің және қызметкерлерімнің ақ адал еңбекпен тауып жүрген та­бысына біреулердің әді­лет­с­із жол­мен ортақтасуына қарсы бол­­дым. Әрине, тамыры тереңге кеткен парақорлық жүйемен күресу оңай емес. Бірақ мен соңына дейін күресе­мін! Себебі артымда қа­рапайым 200 отба­­сы­ның тағдыры тұр!», дейді Жанна Кенжина.

 

Батыс Қазақстан облысы