• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Табиғат 16 Мамыр, 2023

Сиверс гүлдегенде...

521 рет
көрсетілді

Сиверс алмасының гүлдеуі – жетісулықтар үшін айтулы мерекенің бірі. Табиғаттың тамаша сыйы ұлтты ұйыстырар дәстүрлі мейрамға ұласып бара жатқандай. Биыл да республиканың түкпір-түкпірінен жиналған жұртшылық ежелгі алма ағашының саясында суретке түсіп, ұлттық дәстүрімізді қайта жаңғыртты. Қуанышты сәттің біз де көзайымы болдық...

Міне, фестивальдің ұйым­дас­тырылып келе жатқанына биыл­ 6 жыл болды. Мамыр айы­н­ың алғашқы он күндігінде ел аза­маттары түгелдей Сарқан ауда­нына қарасты Екіаша ауыл­дық округінің Тополевка ауы­лына жиналады. Жан-жақ­тан­ ағылған туристер тұмса таби­ғат қойнауында, Жетісу Ала­тауы етегіндегі Теректі өзе­нінің жағасында тамаша сәт­терді бастан кешіп, айналаны ән-жырға толтырады.

Сол күні оннан аса киіз үй­ мен көк аспан түстес ша­­тырлар тігілді. Сарқан ауда­ны­ның әкімі Ғалымжан Ма­ман­баев туристер мен ай­шық­ты сәтті тамашалауға кел­ген аудан жұртшылығын өзі­ бастап ертіп жүрді. Мей­мандарды осы өңірдің таби­ғи­ мақтаныштарының бірі – Си­верс алмасының гүлденуі сәті­мен­ құттықтап, әсем табиғатты тама­шалауға шақырды.

«Бұл ғажайып этнофести­валь­ мен өнім жинауды Қазақ­станның жыл сайынғы ұлттық ме­ре­келеріне айналдыру идея­­сы ата-бабаларымыздың мұра­сын және табиғаттың әсем­дігі бойынша бірегей құбы­лы­сын сақтау мақсатында ұйым­дас­тырылады. Алма ағашқа ал­ғаш­қы сипаттаманы ботаник Иоганн Сиверс берген.­ Ол 1793 жылы Үржар өзені­нің­ алқабында алма орманын­ кез­дестірген. Кеңес заманын­да­ алма ағашының бұл түрін ұзақ­ уақыт академик Аймақ Жан­ға­лиев зерттеген. Оны халық «ал­ма­ның әкесі» атаған», деді Ғ.Маман­баев.

Сиверс алма ағашы көктем­нің­ соңғы айларында гүлдейді. Бұл – аламның түпкі атасы. Сондықтан мұндай айтулы ша­ра туристердің, қоғамның, жер­гілікті тұрғындардың осы­нау табиғи байлыққа назар­ ау­д­а­­рып, оның жойылып кет­пе­уіне экологиялық мәдени ық­пал­ етуіне бағытталып отыр. Фес­тиваль барысында тек Жоң­ғар Алатауында өсетін ем­­дік өсімдіктердің көрмесі қо­йылып, халық назарына ұсы­нылды. Сондай-ақ бал және оның емдік қасиеттері мен­ пайдалылығын өндірілген өнім­дердің көрмесінен тама­ша­лауға болады.

«Еліміздің барлық жері өзі­не­ тән сұлулығымен көр­кем таби­ғатымен ерек­ше­ле­неді. Со­ның ішіндегі жер­дің­ жәннаты са­налатын Жеті­су­дың­ табиға­ты­на тамсанбайтын адам жоқ. Бүгінгі фестиваль да, Же­ті­судың тағы бір әсем жері Сар­қан­ жерінде жоғарғы деңгейде өтті. Біздің басты мақсатымыз – жа­байы алма тұқымын сақтап қалу. Бүкіл әлемдегі алма осы жер­ден өсіп-өнген ежелгі түп ата­дан тарағандығын одан әрі­ паш ету. Әрине бұдан бө­лек­ экологиялық туризмді дамы­ту­ға жағдай жасау», дейді эко­логия және тұрақты даму инс­­титутының директоры Құра­лай­ Карибаева.

Тау жағалай өсетін бұл жа­байы алманың атасын тек сая­лы Сарқан жерінде ғана кез­дес­тіруге болады. Сонау ерте за­мандағы бор дәуірінен осы күн­ге дейін сақталып келген жа­байы алманың 40-қа жуық түрі­ Жоңғар Алатауы табиғи ұлт­тық саябағы аумағында ерек­ше қорғауға алынған. Бүгін­де табиғи саябақтың 38 мың­ гектарын жабайы Сиверс алма­сы алып жатыр. Аталған іс-шара аясында 100 түп алма ағаш­ көшеті отырғызылды.

«Сиверс алмасын қолға алу,­ оны сақтау, қорғау, кө­­­бей­­ту­ мақсатында осындай іс-­ша­ра­ларды жүзеге асыру әр­ аза­маттың үлкен міндеті деп есеп­тейміз. Сиверс алмасы – ұлттық паркіміздің негізгі ны­шаны. Өйткені біздің ау­мақ сиверстің генетикалық қо­ры болып саналады. Таби­ғи сая­бақ аумағындағы жабайы Си­верс алмасы саябақ­тың жал­пы жер көлемінің 3 800­ га­­ аумағын қамтиды. Бұл­ парк­ аума­ғының 1,05 пайы­­­зын­ құрай­ды. Сиверс алма­сы­ 15 000 мәдени сұрыптың арғы­ тегі болып табылады.­ Сирек кездесетіндіктен, ол – Қазақстанның «Қызыл кіта­бы­на» енгізілген түрі. Осы жабайы­ ағашымыздың емдік қо­рын сақтауда біздің ұлттық парк­­те көптеген іс-шара жүр­гі­зі­ле­ді. Осы мақсатта, ұлттық парк­те ғылыми бөліміміз жұ­мыс істейді. Сондай-ақ Ал­ма­ты және Талдықорған қала­­ла­рындағы ғылыми инс­­ти­тут­­­тар­мен бірлескен ғылыми жұ­мыс­тар­ жүргіземіз. Бұл мерекеге Сар­қан ауданы тұрғындары мен­ қонақтарын есептегенде 5 000-ға жуық адам қатысты», дей­­­ді Жоңғар Алатауы мем­ле­кет­­тік ұлттық табиғи паркі Бас ди­­рек­то­ры­ның орынбасары Нұр­болат Ноғайбек.

Фестивальге келген меймандар Жетісу шеберлері да­йын­­даған қолөнер бұйымдары қо­йылған «Алтын Адам» көр­ме­сін аралап, одан кейін тұм­са табиғаттың көрікті де­ көркем жерлерімен таныс­ты.­ Тау қойнауындағы ерек­­ше бітімді басқосуға жинал­ған­­дар­ қазақтың салт-дәс­түр­­­­ле­рін, тартысқа толы сан­ алуан­ жарысының куәсі бол­ды.­ ­Бұдан бөлек ұлттық спорт­ түр­лерінен сайыс ұйым­­дас­ты­рылып, жиылған жұрт­тың көңі­лін көтерді.

Іс-шара мерекелік кон­церт­тік­­ бағ­дар­ламамен жалға­сып,­ жас­ эстрада жұлдызы «Kali­far­­niya» және «Қазақстан да­­­уы­­сы» мега-жобасының қа­­ты­­­су­­­шы­сы,­ ерекше дауыс ие­сі­ қалың көп­ші­лікке Qanay есі­­мі­мен танымал Нұрболат Қа­най келіп, әсем әннен шашу шашты.