• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2023

Өңірдің ахуалы жақсарып келеді

284 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистермен жүздесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.

Ауылдың ажары – еңбек

Әкімнің айтуынша, 2023 жылдың ба­сынан бері Батыс Қазақстан облысы эко­номикасының негізгі салаларында­ тұрақты өсім бар. Атап айтқанда, өң­деу өнеркәсібі – 20,6%-ға, ауыл шаруа­шылығының жалпы өнімі – 4,7%-ға, құрылыс жұмыстарының көле­мі – 34,0%-ға, тұрғын үйлерді іске қосу – 2,1%-ға, негізгі капиталға инвестиция 34,6%-ға өсіп отыр. Жалпы өңір­лік өнім көлемі бойынша Батыс Қазақ­стан облысы елімізде 6-орында екен.

Өңір экономикасын әртарап­тан­­ды­ру мақсатында жалпы құны  1,9 трлн­ теңгеге 111 инвестициялық жо­ба жос­парланған, ол жерде 5 мың­нан аса жұмыс орны құрылмақ. Мұ­ның 54-і биыл жүзеге асады.­ Нәтижесінде 46 млрд теңге құйылып, 1 300 адам жұ­мысқа тартылады.­ Қа­зір­дің өзінде 14 млрд теңге игеріліп, 12 жоба іске қо­сылған.

Алдағы маусым айында 1,4 млрд теңгелік биг-бэг өндірісі іске қосылып, 100 адам қызметке кіріседі. Ал 2024-2026 жылдары 8 кәсіпорын 4,4 мың га алқап суармалы жерді игеріп, 6,5 млрд теңгелік жобаларды іске асыру жоспарланып отыр екен.

Батыс Қазақстан облысының байтақ даласы ауыл шаруашылығын дамытуға аса қолайлы. Өңірде импортқа тәуелділікті төмендету, тамақ өнімдері өндірісін дамыту және облыс халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында көп жұмыс атқарылып жатыр.

– 2023 жылы өңірлік агроқұ­ры­лымдар мен кәсіп иелеріне 16 млрд­қа­ жуық субсидия және 15 млрд тең­ге­ несие беру қарастырылды. Бұл жер­гі­лік­ті шаруаларға мемлекет тарапынан үл­кен қолдау және зор мүмкіндік, – дейді облыс әкімі.

Өңір халқын сүт өнімдерімен қам­ту бағытында «Агроөнеркәсіп кешен­дегі инвестициялық жобаларды­ қар­жыландыру» бағдарламасы аясын­да­ 6 млрд теңгеге 4 сүт-тауарлы фер­масын салу жоспарланып отыр. Жаңа сүт-тауарлы фермаларын аш­қан­ жағдайда облыс халқын сүт өнім­де­рі­мен­ қамтамасыз ету қазіргі 22%-дан 32%-ға артып, 25 мың тоннадан 36 мың­ тоннаға жетеді.

Әкім «Жасыл белдеу» бағдар­ла­­ма­сы­ аясында 2025 жылға дейін картоп пен­ көкөніс алқабын 8,1 мың гектардан­ 9,3 мың гектарға ұлғайтатынын айтты. Бү­гінде өңір өзін-өзі картоп өнімімен – 91%, пияз­бен – 98%, сәбізбен – 56%, қы­рық­қа­бат­пен 56% қамтамасыз етеді.

Жергілікті халық жыл бойы тап­шы­лық көрмеуі үшін жыл соңына дейін сыйымдылығы 12 мың тонна бола­тын екі ірі көкөніс қоймасы салынады. Оның бірі сыйымдылығы 4 мың тонна, құны 1,2 млрд теңге болатын «Baystone» ЖШС-ның қоймасы болса, екіншісі – «Орал Агро» ЖК-ның құны 1,8 млрд теңгелік 8 мың тонна өнім сақтаушы орны. Бұған қосымша 2025 жылға дейін жалпы сыйымдылығы 39 мың тонналық 19 көкөніс қоймасы салынады екен. Осылайша өңірде жалпы сыйымдылығы 100 мың тоннадан аса 48 көкөніс қоймасы болады екен.

Етті мал шаруашылығы – ба­­тыс­­қазақстандықтардың бағзыдан келе жатқан кәсібі. Облыста жыл сайын­ жер­гілікті халықтың қажеттілігінен екі есе артық ет өндіріледі екен. Был­тыр өндірілген 54 мың тонна ет өзімізден артылып, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және басқа да облыстарға жеткізілген. Ал құс етімен қамту 66%-ды құрайды. Осы кезге дейін жылына 7,2 мың тонна құс етін өндіретін зауыт қуаттылығын 12 мың тоннаға дейін ұлғайтып жатыр.

Өңірде Мемлекет басшысының ауылды дамыту, ауыл тұрғын­да­ры­ның табыстарын арттыру бойынша берген тапсырмасы орындалып жатыр. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша биыл республикалық бюджеттен 6,4 млрд теңге бөлінген. Әкім осы қаржыға 742 шағын несие беріп, 787 жұмыс орны құрылатынын айтты. Қазір облыс аумағында 235 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істеп тұр. Бұған тағы 60 кооператив қосылмақ.

Жастарды қолдау мақсатында 238­ адамға 5 млн теңгеге дейінгі көлем­де­ жалпы сомасы 1,2 млрд теңге жеңіл­де­тілген несие беріліп жатыр екен.

 

Өмір сапасы артады

Облыс әкімі Н.Төреғалиев жур­­на­­листердің Ба­тыс­ Қазақстан облы­сын­­дағы түйткілді жағ­дайлар бо­йын­­ша қойылған сауалдарына да жан-жақты жауап берді. Соның бірі – жол мәселесі. Облыста 6 176 ша­қы­рым автожол бар. Соның 1 414 ша­­қы­рымы республикалық ма­ңызға ие жолдар болса, 4 762 – ша­қы­ры­­­мы жергілікті маңызы бар жолдар.

– Биыл Үкіметтің қолдауымен 74 млрд­ теңгеге 570 шақырым жо­лымыз­ды­ жөндейміз деп отырмыз. Бұл – өт­кен­ жылмен салыстырғанда екі есеге ар­тық, деді өңір басшысы.

Республикалық маңызы бар авто­жол­дар да – өңір тұрғындарының бас­ты назарында. Әсіресе ұзындығы 245 шақырымды құрайтын «Қаз­талов-Жәнібек-РФ шекарасы» және «Өнеге-Бисен-Сайқын» автожолы қашан аяқталады деп халық күтіп отыр.

– Қазіргі таңда 245 шақырым жол­дың­ 125 шақырымы күрделі жөндеуден өтті. «ҚазАвтоЖол» республикалық меке­месінің мәлі­метінше, қалған 120 шақы­рым жолдың төменгі қабаты биыл аяқталады. Сонымен қатар 144 шақы­рым болатын «Подстепное-Федо­ровка-РФ шекарасы» автожо­лы­ның екі бөлігінде жөндеу жұмысы жүр­гізіліп жатыр. Қалған екі бөлік­те­ жыл соңына дейін мердігер анық­та­лып, жұмыс басталады. Биыл жер­гілікті жолдар құрылысына да 27 млрд­ теңге бөлініп, облыстық және ау­дандық дәрежедегі 332 шақырым жол­ жөнделмек. Осының нәтижесінде жыл­ соңында жергілікті автомобиль жол­дарының 52%-ы­­ жақсы және қана­ғаттанарлық дәре­же­де болады, – деді әкім.

Энергетика және тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық саласында да тү­йінді мәселе аз емес болатын. Әкім 2023 жылы бұл салаға 11,7 млрд теңге ин­вестиция салынатынын айтты. Бұл қара­жатқа 2 мың шақырымнан аса ин­женерлік желі күрделі және жеңіл-желпі жөн­деу­ден өтпек.

Ал бүгінде 82% тозығы жеткен­ электр желілерін жаңғырту үшін 2025 жыл­ға дейін 20 млрдқа жуық­ қаражат салы­нып, 2 мың шақы­рым электр желісін ауыстыру қа­­рас­­тырылып отыр екен. 2023 жы­лы­ республикалық бюджеттен ұзын­ды­ғы 138 шақырым «110 кВ-әуе желі­лерін қайта құру» жобасын іске асыруға 1,9 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ облыстың 12 ауда­нын­да 81 елді мекеннің және Орал қаласының электрмен жабдықтау қызметі сапасын жақсарту үшін 11 жоба жасақталып жатыр екен.

 

Түйткілді тақырыптар талқыланды

Н.Төреғалиев өңірдің инфра­құ­ры­­лымын жақсарту, экология мәсе­ле­леріне де кеңінен тоқталып өтті. Биыл өңірде көпқабатты 30 тұрғын үй, 893 пәтер пайдалануға берілмек. Әкім халықтың әлеуметтік жағынан әл­сіз топтарына Орал қаласынан 178 пә­тер берілетінін айтты.

Өңірдегі өзекті тақырыптың бірі – оқушыларды жайлы мектеппен қамту мәселесі. Қазір облыста 12 апат­ты, 9 үш ауысымды мектеп бар. Биыл бұл бағытта 27 мектептің құры­лысы бастала­ды, оның ішінде 9 ғимарат «Жайлы мектеп» ұлттық қанатқақты жобасы аясында салынады. Жыл соңына дейін 18 мектеп пайдалануға беріледі. Өңірде 3 пен­ 6 жас­ аралығындағы балалар мек­тепке дейінгі біліммен толық қам­тыл­ған. Ал 1-6 жастағы балаларды бала­бақ­ша­мен қамту 84,3%-ға жеткен. Осы көр­сеткішті 2025 жылға дейін 100%-ға­­­­ жеткізу көзделіп отыр.

– Саламатты өмір салтын қалып­тас­тыру мақсатында Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасына сәйкес облыс аумағында 9 спорт кешені пай­далануға беріліп, 4 кешеннің құры­лысы салынып жатыр. Сондай-ақ 1 кешеннің құрылысын 2024 жылы бастаймыз. Биыл Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан уни­верситетінің студенттеріне арнал­ған­ 500 орындық жатақхана құрылысы аяқ­талады. Сонымен қатар өңірде әр­түр­лі саладағы маман тапшылығын шешу мақсатында өткен жылы облыс бюджет есебінен 113 грант бөлініп, түлектерге жоғары білім сертификаты берілді, – деді Н.Төреғалиұлы.

Өңірде денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер бар. «Ауыл­дық­ денсаулық сақтау саласын модер­низациялау» ұлттық жобасы ая­сында облыста 50 нысан салу жос­парланған. Одан бөлек, «КПО б.в.» компаниясының әлеуметтік мін­деттемелер шеңберінде 25 млрд теңгеге 1 мыңнан аса қажетті меди­ци­­­налық құрал-жабдық алынады.

Рас, облыста дәрігер маман жетіс­пей­ді. Дәл қазір 274 дәрігердің орны бос тұр екен. Өткен жылы жергілікті бюд­жеттен 55 грант талапкерлерге, рес­публикалық бюджет арқылы 88 грант резидентураға бөлінген. «Біз кадр­ мәселесін шешу бағытында жұмыс­танып, шақырту нәтижесінде өңірі­мізге 13 дәрігер маман кадр келді­», деді әкім.

Журналистер әкімге өңір тұрғын­да­­рын толғандырған мәселелер бо­йын­ша сауалдарын қойды. Мәселен, бір­неше жылға созылған даудың бірі – «Кү­білей» зауыты маңындағы тұрғын үй­лерге қатысты мәселе.

– Бұл екі кәсіпкердің арасында­ ту­ған­ келіспеушілік болатын. Мәселенің осы­лай ушығып кетуіне көнерген, уақыты өткен ережелер, соның ішінде зауыт­тардың санитарлық-қорғау ай­ма­­ғы туралы құжаттан да кінәрат бар­ деп ойлаймын. Сондықтан осы құ­жаттарды қайта қарауды ұсынып жатырмыз. Ал «Күбілей» маңындағы тұрғын үйлерге қатысты дауда қара­па­йым тұрғындар зардап шекпеуі ке­рек, біз соны қадағалаймыз. Бәрі заң аясында шешілуге тиіс, – деді Н.Төреғалиев.

Жыл басында Орал әуежайы тө­ңі­­ре­гінде де түрлі ақпарат тараған бо­латын. Ол бойынша да жан-жақ­ты­ жауап берген әкім биыл Орал әуе­жайынан 8 түрлі бағытқа әуе қаты­насы жолға қойылатынын айтты. Соның ішінде Германияның Франк­­фурт, Түркияның Анкара, Мысыр­дың­ Шарм әл-шейх қалаларына қазір­дің өзінде ұшақ қатынай бас­та­ған.

– Орал әуежайы шетелдіктердің мен­­­шігіне өтті деген сөз – ұшқары пі­кір, ол компания тек уақытша қыз­­мет­ атқарып жатыр. Әуежайдың би­­лі­гі толық мемлекеттің қолында. Бұл­ жер­де халықтың алаңдауына не­гіз жоқ­, бәрі де мемлекеттік орган­дар­дың­ то­лық бақылауында, – деді өңір ба­с­шы­сы.

Сұрақтардың бірсыпырасы өңір­де­ көбейіп кеткен ақбөкендер жайы­на­ арналды. Соның ішінде киікті, оның­ еті мен мүйізін, терісін пайда­ла­ну мәселесі жиі көтеріліп жатыр.­ Алайда халықаралық талаптар бойынша, заң аясында әзірге бұ­ған­ тыйым салынған. Облыс әкімі Н.Төре­ға­лиев жергілікті халық­тың­ талабы­на­ сәйкес ақбөкен са­нын­ шектеу, дери­ваттарын пайдала­ну­ мәселесін тиіс­ті орындарға жет­кіз­­генін айтты. Біра­­қ­ соңғы байлам ғалымдар мен мамандардың қолында.