• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Инвестиция 22 Маусым, 2023

Салымшы және инвестициялық табыс

1250 рет
көрсетілді

Биылғы мамыр айына дейін ел азаматтарының зейнетақы жинақтары 1 трлн теңгеге, яғни 6,9 %-ға өскен. Ал соңғы төрт айда зейнетақы жарналарының сомасы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 663,42 млрд теңгеге жетіп, өсім 27%-ды құрады. Бұл былтырғыдан 139,88 млрд теңгеге артық. Осыған қарап-ақ, зейнетақы жинақтарының өсімділігі инвестициялық табыстан да маңызды рөл атқарып отырғандығын бағамдауға болады. Өткен төрт айда қор салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген, Ұлттық банктің басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы 481,8 млрд теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артқан.

Табыс құрылымын талдау нә­ти­жесінде бағалы қағаздар жө­нін­де сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған депозиттер мен кері РЕПО операция­ла­ры, сонымен қатар бағалы қағаздардың нарықтық қайта бағалаудан түскен табысы – 508,96 млрд теңгені, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табысы – 25,43 млрд теңгені және басқа кірістер – 1,59 млрд теңгені құрады.

Бұл ретте шетел валютасын қайта бағалау 54,16 млрд тең­ге­ көлемінде шығын әкелді. Осы­лай­ша, зейнетақы активтерінің инвес­ти­циялық портфелінің құралдар, сала­лар және валюталар бойынша әртараптығына байланысты сәуір айындағы жиынтық табыс оң көр­сет­кішті қалыптастырды.

Сонымен Ұлттық банктің 2014 жылдан бері (барлық зей­нет­ақы­ активтерін БЖЗҚ-ға біріктіру үде­рі­сінің аяқталуы) жинақталған таза инвестициялық табысы – 7,4 трлн­ теңгені құраған.

Зейнетақы жинақтарының құры­­­лымындағы жиналған таза табы­с­тың үлесі жүргізілген төлем­дерді есепке алғанда мамыр­ айында 36,4% болды.

Жинақтаушы зейнетақы жүйе­сі­ 1998 жылы құрылған күн­нен­ бастап биылғы мамырға де­йін инвестициялық табыс – 758,38%-ға жетіп, ал инфляция осы уақытта – 710,74% болған. Де­мек жинақталған номиналды инвес­­тициялық табыс ұзақ мер­зім­­ді перспективада инфляциядан асып­­ түсіп отыр деген сөз.

 Ұлттық банк пен БЖЗҚ ин­вес­­­­ти­циялық стратегияны жетіл­ді­ру және зейнетақы актив­те­рі­нің сақ­та­луын қамта­ма­­сыз ету­де тұрақты жұмыс жүр­­­гі­зіп келе­ді. Сонымен қа­тар Пре­­зи­­дент жанындағы Рефор­ма­лар­­ жөніндегі жоғары кеңес­тің­ ұсыныстарын іске асыруда Бірың­ғай жинақтаушы зейнет­ақы қоры­ның инвестициялық дек­лара­циясына түзетулер де енгі­зіл­­г­ені бар. Бұл түзетулер ESG қағи­даттарына сай, валюталық порт­фель акциясы қосалқы порт­фе­лінің бір бөлігін индекстік инвестициялауды және индекстік инвес­­тициясы бар валюталық порт­фельдің корпоративтік обли­га­цияларына инвестициялау ке­зін­де ESG қағидаттарын қол­да­нады.

Соңғы жылдардағы жаһан­дық­ дағдарыс пен геосаяси­ тұ­рақ­­­сыздыққа қарамастан, қор са­лымшыларының инвести­ция­­лық­ табысы тұрақты түрде арт­ты. Мәселен, 2020 жылы каран­­тин­ кезінде инвестициялық табыс­ рекордтық көрсеткіште 1,3 трлн теңгені құраса, ал әлем­­­дік COVID-19-дан кейінгі дағда­рыс­тан соң 2021 жылы инвес­ти­ция табы­сы 1,4 трлн теңге дең­гейінде қалып­тасты. Былтырғы дүние­жүзі­лік­ мак­роэкономикалық жағдайға қара­­мастан, жыл соңына қарай, инвес­­тициялық табыс 914,1 млрд теңге көлемінде болады деген үміт те жоқ емес.

Осы орайда еліміздегі инфля­ция деңгейі міндетті зей­нет­­ақы­ жарналарының сақ­та­луы­на біре­гей кепілдік береді. Зей­нет­ақы заңнамасына сәйкес, БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарна­ларын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақ­та­ры мен төлемдерін және жеке есепке алуды жүргізеді. Жа­қында БЖЗҚ зейнетақы актив­те­рінен комиссиялық сыйақы мөл­шерлемесін азайтып, шілде айынан бастап күшіне енетін Әлеу­меттік кодекстегі басым бағыт­тар­дың біріне енген зейнетақымен қамсыз­дандыру жүйесін одан әрі жетілдіруде бірқатар жұмыс­тардың іске асырылып жатқан­ды­ғы бар. Өзгерістер зейнетақы актив­терінен БЖЗҚ комиссиялық сый­ақысының шамасы шілде айы­нан бастап айына 0,01-ден 0,008 пайызға дейін төмендейтін болады.

БЖЗҚ комиссиялық сый­ақы­сы бұған дейін де 2021 жылы қайта қарал­ған болатын. Сол кезден бастап зейнетақы актив­те­рінің 0,01%-дан аспаған. Атал­ған жылдар­дан­ бері БЖЗҚ инвестициялық кіріс­тен комис­сия­лық сыйақы ұстал­маған. Оны тек зейнетақы актив­те­рін басқарушылар Ұлттық банк (ҰБ, инвестициялық табы­с­тың 2% аспайды) пен инвес­ти­циялық портфельді басқару­шы­лар (инвестициялық табыс­тың 7,5% аспайды) алады. Осы жылы Ұлттық банк комис­сиялық сыйақының шамасы инвес­ти­ция­лық табыстан 1,5%, ал өткен жы­лы 1,8% мөлшерінде болған.

Айта кететін жайт, БЖЗҚ құ­­­­­­рылған кезде оның комис­сия­­­­­лық сыйақы мөлшері инвес­ти­­­циялық табыстың 7,5% және зей­­­нетақы активтерінен айына 0,025% аспауы тиіс екендігі заң­на­­­малық тұрғыдан бекітілді. Бұл же­ке зейнетақы қорлары алған мөл­­­­шерден екі есе аз. Сонымен қа­­тар БЖЗҚ Ұлттық банкпен бір­­­лесіп жыл сайын комиссиялық сы­й­­ақы мөлшерін азайту және қор­ шығындарын оңтайландыру бо­­йынша жұмыс жүргізіп келеді. М­ә­­­селен, 2016-2017 жылдары зей­­­нетақы активтерінен комис­сия­­­ 0,0225%, 2018-2019 жылдары­ 0,015%, 2020 жылы 0,011% бол­ды.­­

Осылайша, БЖЗҚ қызметін бас­таған 2014 жылдан бергі уа­қыт аралығында зейнетақы ак­тив­терінен комиссиялық сыйақы мөл­шері 68%-ға төмендеген.