• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 22 Маусым, 2023

Балық шаруашылығындағы бетбұрыс

1247 рет
көрсетілді

Мұнайлы өңір экономикасын өрге сүйрейтін саланың бірі – балық шаруашылығы. Қазір Жайық-Каспий бассейніндегі су айдындарынан маржан сүзуді кәсіп еткен 21 балық шаруашылығы бар. Оның ішінде 19 серіктестік балық аулайды, ал екеуі тауарлы су маржанын өсіреді. Бұл кәсіпорындарда 614 адам тұрақты, 3 217 адам маусымдық жұмыспен қамтылған.

Атырау облысының әкі­мі Серік Шәпкеновтің мәлі­метіне сүйенсек, Каспий теңі­зінен, Жайық және Қиғаш өзен­дерінен 14 323 тонна балық аулан­ған. Оның 13,2 мың тоннасы өңделіп, 12,7 мың тонна өнім Әзербайжан, Израиль, Ресей Федерациясына, өзге де шет мемлекеттерге экс­портталған.

– Жыл сайын Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балықтар қо­рын сақтау және өсімін молайту мақсатында өсірілген 8 млн шабақ жіберіледі. Жайық және Қиғаш өзеніне 2017-2021 жылдары аралығында 169 ша­қырым түп тереңдету жұмыс­тары жүргізілді. Енді 2022-2026 жылдары аталған су айдын­дарының 295 шақы­рым түбі қазылады. Браконьерлік­ке қарсы күресті күшейту үшін Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясына 2019-2021 жылдары жылдам жүретін 10 «Corvet 600» катері, 10 «Mercury 200» маркалы аспалы моторы, 1 бран-­­вахта, 9 автокөлік сатып алын­­ды, – дейді С.Шәпкенов.

Әкімнің дерегіне қарағанда, тауарлы балық өсіру ісі қарқын алғалы отыр. Осы орайда 2025 жылға дейін 16,3 млрд теңгені құ­райтын 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспар­ланған. Оның ішінде балық өсіруді қолға алатын 8 кәсіп­орын ашылады. Балық өңдей­тін бір цех іске қо­сылады. Бұл жо­балардың нәтижесінде тауарлы балық өсіру көлемі 7 мың тоннаға, терең өңдеу көрсеткі­ші 4 есеге артады. Бұл жобалар­дың арқасында 511 адам тұрақ­ты жұмысқа орналасады.

Ресей Федерациясымен ше­ка­­радағы Құрманғазы ауда­ны­ның Бірлік, Кудряшов, Теңіз және өзге ауылдарында балық өңдей­тін 9 цех жұмыс істеп тұр. Ал «Каспий-Балық» өндірістік коо­перативі Бірлік ауылында тағы бір цехтың құрылысын жүргізіп жатыр. Жаңа цехтың қабырғасы сэндвич-панельден, керамзит тастан, төбе ша­ты­ры металлопрофильден, мета­локаркас материалдарынан құ­­растырылады. Қазір құры­лыс жұмыстарына 30 адам тар­тылған.

– Балық өндеу цехының жобасына 500 млн теңге инвести­ция салынып отыр. Оның қуа­ты – жылына 1 500 тонна ба­лық өңдеу. Тәулігіне 30 тонна ба­лық өңделетін жаңа цех 4 мұз­датқыш, салқындатқыш құрыл­ғысымен қамтылады. Өңдеу тех­­но­логия­сының жұмысы сұрып­тау, аралау, жуу, тазарту, сал­қындату, мұздату, тұздау секілді көпса­тылы үдеріске негіз­делген. Цех­та 104 адам тұ­рақты, 50 адам уақыт­ша жұмыс істейді. Бұл коо­ператив биылғы наурызда Ре­сей Феде­рациясына 39 тонна ба­лық өні­мін экспорттаған. Балық өнім­дері Украина мен Грузияға да жібе­ріледі, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қаты­настары бөлімінің басшысы Асқар Мұфтах.

Атырау қалалық кәсіпкер­лік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін аткарушы Азамат Әлібаевтың айтуынша, «Амангелді атын­дағы» серіктестігінде 1 500 адам жұмыс­пен қамтылып отыр. Оның ішінде 1 100 адам Кас­­пий теңізінен, Жайық пен Қи­ғаш өзенінен ба­лық аулайды. Өзге­лері арнайы зауыт пен екі цехтағы балық өңдеу ісіне тартылған. Серіктестікте 20 ша­ғын кеме мен 6 теплоход бар.

– Былтыр серіктестікте 2 512 тонна балық өнімі шыға­ры­лып, 730 тоннасын Әзер­бай­жан, Ук­раина, Германия, Польша, Ру­мыния, Франция, Латвия, Грузия, Израиль және Ре­сей­ге экспортталды. Ал 1 782 тон­на балық өнімі ел тұты­ну­шы­ларына сатылды. Серіктес­тік балықшылары биылғы бес айда 330 тоннаға жуық балық өнімін дайындап үлгерді. Да­йын өнімнің 241 тоннасы экс­портқа, ал 89 тоннасы ішкі нарыққа жіберілді. Өткен жылғы шілдеден бері ­ 4 501 тонна балық ауланды. Одан 2,5 мың тонна салқындатылған балық, 300 тонна балық еті, 350 тонна ысталған, 200 тонна қақ­­талған балық өнімдері шы­ға­рылды. Балық өнімдері Атырау қаласындағы 28 сауда нүктесінде сатылады, – дейді А.Әлібаев.

 

Атырау облысы