• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 27 Маусым, 2023

Жастар саулығының жөні бөлек

277 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласында «Қазақстанда ЖДО-ның желілерін дамыту» тақырыбында денсаулық сақтау басқармалары мен жастар денсаулығы орталықтары өкілдерінің басын қосқан республикалық семинар-кеңес өтті. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы бірлесе ұйымдастырған іс-шарада жастар ден­саулық орталықтарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету, алда тұрған мәселелер талқыланып, жұмыс бары­сындағы тәжірибелер таныстырылды.

 

Семинардың алғашқы күні қатысушылар облыстық жастар денсаулығы орталығы жұмы­сы­мен танысып, медициналық ор­талық ғимаратында пленар­лық отырысқа қатысты. Жастар ден­саулығын сақтау желілерін дамытуды талқылаған отырыс­та облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов мәселені ашық талқы­лап, ұсыныстар айтуға шақырды.

Денсаулық сақтау министр­лігі Медициналық көмекті ұйым­дастыру департаменті дирек­торының орынбасары Гүлнәр Сәрсенбаева елімізде жастар денсаулығы орталықтары 5-6 жыл­дан бері жұмыс істеп келе жат­қанын атап өтті. Бірақ осы орталықтар мәселесін тал­қы­лайтын семинар алғаш рет өткі­зіліп отыр. Осы жылы жастар­ға медициналық көмек көрсету стан­дарттары белгіленіп, қызмет аясы кеңейе түсті. Ашылғалы бері атқарылған жұмыстар орта­лық­тың тиімділігі мен маңызын дәлелдеді. Дегенмен де жастар сау­лығын сақтаудағы қадау-қадау мәселелермен айналысатын осы орталықтарды қаржыландыру, оларды цифрландыру әлі толық шешімін тапқан жоқ.

«Бүгінгі семинар тәжірибе алмасып, салмақты мәселелер тө­ңірегінде пікір алмасудың үл­кен мүмкіндігі деп білеміз. Алда жұмысы жолға қойылған орталықтар жұмысын осылайша таныс­тырамыз», деді ол.

Семинарда республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Қуаныш Алтынбеков балалар мен жастар саулығын нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Өткен жылы еліміз бойынша 14-34 жастағылар арасынан 1943 адам алғаш рет психика­лық бұзушылықпен тіркелген. Ал психоактивті заттарды пайдалану әсерінен осындай диаг­ноз қойылғандар саны 3630 адам. Жастар және менталды ден­саулық тақырыбында баяндама жасаған маманның айтуынша қоғамдағы нашақорлық пен ойынқұмарлық өскелең ұрпақтың психикалық саулығына қатты әсер етіп отыр. Сондықтан оларға көмек көрсетудің қазіргі әдісін өзгерткеніміз жөн.

Семинарға БҰҰ халықтың қо­ныстануы саласындағы қоры­ның сексуалдық және репро­дуктивтік денсаулық жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Серік Тәңір­бергенов онлайн қатысып, жас­тарға қолайлы қызмет көрсету­дегі халықаралық тәсілдер, осы бағыттағы еліміздегі тәжірибе жайлы баяндады.

Екі күнге созылған семинарда мамандар суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, қыз­дар­дың репродуктивті ден­саулығы, жас­тар денсаулығы орта­лық­тарының білім беру ұйым­да­ры­мен байланысындағы ерек­ше­ліктер бойынша пікір алмасып, ұсыныстар айтылды.

 

Қызылорда