• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Білім 10 Тамыз, 2023

Жетісуда білім саласы ақсап тұр

349 рет
көрсетілді

Әне-міне оқу жылы басталады. Ал Жетісу облысы әлі етек-жеңін жинай алар емес. Білім көрсеткіші қағазда жоғары болғанымен, түлектер мемлекеттік тест кезінде төмен нәтиже көрсеткен. Шалғай ауылдардағы интернет желісі сын көтермейді. 81 білім шаңырағында ыстық тамақ ұйымдастырылмаған. Ал жөндеу жұмысы аяқталмаған мектептер халықты әбігерге салып отыр.  

Өңірдегі білім саласын дағы былық əлі де ел аузында жүр. Жемқорлық деген жегі құрттың асқынған жері де, өкінішке қарай, осы сала. Көңіл күпті болса да, оқудағы мəселелерге  тоқтал масқа шара жоқ. Əуелі 6 мектептің жайын айтайық. Оның ішінде, 4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары биыл басталған. Бөлінген қаржы аз емес, 4,1 млрд теңге. Қалған екеуі көп ұзамай игілікке беріледі. Соның бесеуінің оқу жылы басталғанға дейін есігі ашылады деп жоспарланып отыр. Атап айтсақ, бұл қатарда Алакөл ауданының Ақжар ауылындағы орта мектеп, Үшарал қаласындағы №1 орта мектеп, Кербұлақ ауданындағы №49 орта мектеп, Қаратал ауданы Кəлпе ауылының орта мектебі жəне Ақсу ауданының Сыдықов атындағы орта мектеп бар. Келісімшарт мерзімі 1 қазанға дейін. Дегенмен ауыл балалары жаңа оқу жылын жаңа мектепте қарсы алуға асығып жүр. Бүгінде өңірлік білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті əр 10 күн сайын дайындық дəрежесіне мониторинг жүргізеді.

– 21 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыс тары үшін 1,1 млрд теңге бөлінді. Бар лық нысан бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оқу жылы бас[1]тал ғанға дейін аяқталады. Жаңа мектептерді лицензиялау мəселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Биыл жаңадан ашылған Талдықорған қаласының №29 мектеп-лицейіне лицензия алу жұмыстары жүргізіліп отыр. Себебі облыстың екіге бөлінуіне байланысты Алматы облысы əкімдігінің ғимаратты өткізіп беру қаулысы қажет. Бұл сұрақ департаменттің тұрақты бақылауында, – деді Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету депар та мен тінің басшысы А.Башаров.

Оның айтуынша, аталған мектептер 1 қыркүйекке дейін аяқталмаса, оқушылар уақытша маңайдағы колледждерге немесе көрші ауылдағы білім шаңырақтарына барады. Бұл ретте арнайы көліктер ұйымдастырылып, барлық жағдай жасалмақ. Бүгінде өңірде 339 мемлекеттік жалпы білім беретін ұйым бар, оның ішінде бастауыш мектеп – 35, негізгі мектеп – 36, орта мектеп – 268. Мұның 281-і ауылдық жерде орналасқан, оның 150-і – шағын жинақты білім ордасы. Облыс бойынша білім сапасы 64,6 пайызды құрап отыр. Бірақ аталған көрсеткіш білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі, ҰБТ, салыстырмалы халықаралық зерттеулер кезінде дəлелденбеген. Биылғы 4 жəне 9-сынып оқушылары арасында білім жетістіктерінің мониторин гінде Жетісу облысы төмен ұпай жинаған. Көксу, Ескелді, Сарқан, Алакөл аудандарының білім саласындағы нəтижесі көңіл көншітпейді. Тіпті Үшарал қаласындағы №2 мектепте мониторинг ережесінің бұзылуына байланысты акт тол тырылып, білім алушылардың нəтижелері жойылған. Ол ол ма, 2022-2023 оқу жылын 6 545 түлек аяқтаса, соның 5 170-і ұлттық бірыңғай тест тапсырған. Нəтижесінде, 299-ы шектік деңгейден өтпеген. ҰБТ-ның орташа балы – 83,4 ұпай. «Алтын белгі» иегерлері арасында тек 1 түлек қана 130 балл жинаған. Қазір бұл мəселені шешу үшін «Білім беру сапасын арттыру жəне тиімді жұмыс істеудің режімі» жобасы, «Нəтижесі төмен мектептерге мықты мектептердің қам қорлығы» əлеуметтік жобасы қолға алынып жатыр. Одан бөлек, сол бағытта қосымша жұмыстар жүргізілмек. Ендігі мəселе – интернет желісінің баяулығы. Қазір кез келген мектеп интернет сіз жұмыс жүргізе алмайды. Əйткенмен Жетісуда интернетсіз ауылдар бар. Бір ғана Көкжар ауылының жайы көпке белгілі. Ұстаздардың көрші ауылға барып интернет күзететіні жайында басылым беттерінде жазылған еді. Дегенмен облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов мектептер интернет желісіне 100 пайыз қосылған деп сендірді. – 221 мектеп 50 Мбит/секундтан 100 Мбит/секундқа дейінгі жоғары жылдамдықта интернетпен қамтамасыз етілген. 91 мектеп 10 Мбит/секундтан 40 Мбит/секундқа дейінгі, 27 мектеп 4 Мбит/ секундтан 8 Мбит/секундқа дейінгі интернетпен қамтылған. 27 ауылдық мектепте (9 435 оқушы) интернет желісінің жылдамдығы – 8 МБит/секунд. Кең жолақты интернеттің жоқтығы ауыл мектеп теріндегі білім алушылардың цифрлық ресурстарға қолжетімділігін шектейді. Оптикалық талшық немесе радиореле технологиясы бойынша интернет желісіне қосу керек. Алдын ала есептеулер бойынша жергілікті желіні жүргізу құны 278 млн теңгені құрайды. STEM тəсілін іске асыру маңызды, – дейді М.Сүлейменов.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2029 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында 1-4 сынып оқушыла рын толық мектеп тамағымен қамту жоспарланғаны жөнінде айтылған еді. Президенттің бұл бастамасы өз кезе гінде балалардың денсаулығына, жақ сы дамуына, оқу үлгерімін жəне əлауқатын жақсартуына оң əсер ететіні сөзсіз. Осы бағытта жергілікті бюджеттен қыркүйек-желтоқсан айларына 41 895 оқушыға қосымша 1,7 млрд теңге қарастырылған. Облыста 52 616 оқушы 1-4 сыныпта оқиды. Соған орай 258 мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған. Дегенмен асханасы жоқ – 41 мектеп, буфеттік тамақтандыруы жоқ 40 мектеп анықталып отыр. Олардың мəселесін шешу жұмыстары жүріп жатыр.

– Жаңа оқу жылында 3 бастауыш мектеп жабылады деп жоспарланып отыр. Атап айтсақ, Ақсу ауданында Шолақөзек жəне Баласаз, Қаратал ауданында Балқаш білім ордаларының қыз меті тоқтатылмақ. 4 бейімделген мектептің орнына жаңа оқу жылында жаңа мектеп ғимараты пайдалануға беріледі. Қалған 74 мектептің ішінде 25 мектепте конкурс жарияланып тамақ тан дыру ұйымдастырылады, 49 мектепке жақын орналасқан мектептерден тасымалданады, – дейді басқарма басшысы. Қазір өңірде маман тапшылығы да сезіліп отыр. Мəселен, облыс көлемінде 15 691 педагог қызмет етеді. Десе де, биылғы оқу жылында 157 маманға сұраныс артқан. Əсіресе математика, орыс тілі мен əдебиеті, физика, химия пəнінің мұғалімдеріне қажеттілік ұлғайған. Бүгінде осы мəселені шешу үшін жергілікті бюджет есебінен білім беру гранттары тағайындалып жатыр. Айта кетейік, биыл ауылдық жерлер дегі дарынды балаларды қолдау мақсатында «Дарынды ауыл оқушылары» жобасы іске асты. Оған 2024 оқушы қатысқан, оның ішінде 1 561 бала ауылдан келіпті. Оқу-жаттығу жиындарына қазылар алқасы ретінде, сондай-ақ сабақтарды өткізу үшін 19 ғылым докторы, 52 ғылым кандидаты, 43 PhD жаттықтырушы ретінде шақырылған. «Ауылдық жерлердегі дарынды балаларды ерте жастан анықтау мақ сатында 2-4 сыныптар арасында пəндік олимпиада өткізілді. Облыс бойынша 71 оқушы мен 13 мұғалімге 100 мың теңгеден, 4 облыстық мекеме, 4 аудан жəне 1 қалаға 1 млн теңге көлемінде қолдау əрі ынталандыру шарасы белгіленді. Жеңімпаздарды дайындаған ауылдық мектептердің мұғалімдерін қолдау үшін «Дарынды ауыл балаларына – талантты ұстаз» номинациясында 1 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілді», дейді басқарма мамандары. Жалпы алғанда, өңірде білім саласы ақсап тұр. Жүйелі жұмыс керек-ақ. Соңғы уақытта жемқорлық мəселесі ушығып, мамандардың жауапсыздығы жетісулықтарды дүрліктірген еді. Қайта ес жинау үшін басқарма қызметкерлері барынша қарекет етіп жатыр. Қайта абырой жинап, саланы дамытуға бар күш жігерін салмаса болмайды.