Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдау осы жылдың 13 қазанына дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды 2023 жылғы желтоқсан айында жүзеге асырады.
Мемлекет басшысы әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін ғалымдарға 500 грант бөлу туралы тапсырма берген-ді. Осыған орай 2021 жылы Халықаралық бағдарламалар орталығы «500 ғалым» ғылыми тағылымдама бағдарламасын іске қосқан болатын. Бағдарлама 2025 жылға дейін зерттеу университеттерінде, зерттеу орталықтарында және басқа да ғылыми мекемелерде 3 айдан 12 айға дейінгі ғылыми тағылымдамадан өту үшін жыл сайын 500 стипендия береді.
«Ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізбесі «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар», «Білім беру», «Медицина», «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» сияқты өзекті зерттеу салаларын қамтиды», деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.
Мемлекет тағылымдамадан өтушілерге тағылымдамадан өту, екі жаққа ұшу шығындарын, сондай-ақ медициналық сақтандыру мен ай сайынғы стипендияны төлейді. Стипендия мөлшері қала және белгілі бір елдегі өмір сүру деңгейіне байланысты болмақ.
Ғылыми тағылымдаманы тағайындау конкурсына ұсынылатын тізімге кіретін шетелдік ұйымнан шақыруы бар үміткерлер қатыса алады. Сондай-ақ ғылыми нәтижелерге, мысалы, отандық және халықаралық ғылыми басылымдарда және деректер базасында индекстелетін мақалаларға ие бола алады. Кандидаттардың жалпы жұмыс өтілі таңдалған мамандандыру саласында кемінде 12 айды құрауға тиіс. Сондай-ақ В1 деңгейінен кем емес нәтижемен мемлекеттік тіл бойынша IELTS нәтижесімен шет тілі бойынша емтихан тапсыру туралы сертификат (9.0-ден кемінде 5.0) міндетті түрде болуы керек.
Ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын университеттердің, ғылыми орталықтардың, жетекші шетелдік ұйымдардың тізбесіне әлемнің 34 елінен QS World University Rankings, Academic Rankings of World Universities, Times Higher Education World ТОП-250 халықаралық академиялық рейтингіне кіретін 400-ден астам жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу орталықтары, ұйымдар кірді. Ғылыми тағылымдамадан өтуге ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізімі 134 мамандықтан тұрады. Басым мамандықтар инженерлік, жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, медицина, өнер, білім, агроөнеркәсіптік кешен, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс салаларындағы зерттеулер сияқты бағыттарға бөлінген.
Толық ақпаратты Халықаралық бағдарламалар орталығынан білуге болады (Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70-үй, «Сығанақ» бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинет).