Жаңа оқу жылында көптеген өңір үшін қала мен ауыл арасындағы білім беру мүмкіндіктерін теңестіру мәселесі ерекше маңызды болып отыр. Бұл тұрғыда Ақтөбе облысының өзіндік моделі қалыптасқан.
Облыстағы 404 мектептің шамамен 70 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан, оның 204-і – шағын жинақты мектеп. Ауылдық оқу орындарының санына қарамастан, мұнда оқитын балалар облыс оқушыларының жалпы санының 9 пайызын ғана құрайды. Бұл мәселе контингент айырмашылығымен расталып отыр: ауылдық мектептер қалалық мектептерге қарағанда 10 есе аз.
Мұндай алшақтық білім беру жүйесіне үлкен қиындықтар туғызады. Мысалы, бір мұғалімнің бірнеше пәнді оқыту мәселесі немесе балаларды бір ауылдан екінші ауылға тасымалдау қажеттілігі. Бірақ жүйелі жұмыс, инновациялық тәсілдер және цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы бұл мәселені еңсеруге болады.
«Білім ALL» өңірлік қанатқақты жобасы ауыл мектептері үшін нағыз серпіліс болды. Облыс орталығының үздік педагогтері шағын жинақты мектептердің балаларына онлайн форматта физика, математика, химия, биология және ағылшын тілі пәндерін оқытады. Бұл – мамандардың тапшылығы мәселесін шешіп қана қоймай, жергілікті мұғалімдердің біліктілігі мен цифрлық сауаттылығын арттыра түседі.
Жобаны іске асыру басталғаннан бері балалардың білім деңгейіне үнемі мониторинг жүргізілді. Бұл білім беру жетістіктеріндегі алшақтықтың 4,7 пайызға төмендегенін көрсетті. Бірақ бастама мұнымен тоқтаған жоқ. «Қазақстан халқына» қоры Білім беруді тұрақты дамыту қоры арқылы өңірдің 12 тірек және 134 шағын жинақты мектебін заманауи жабдықтармен жарақтандыруға 5 млрд теңге бөлді.
Бұл жоба заманауи білім берудің орналасқан жеріне байланысты болмауы керек екенін көрсетеді. Инновация және цифрландыру – білім беру теңдігіне қол жеткізудің негізгі құралы. Ақтөбе облысы заманауи технологиялар мен сенімді серіктестіктің көмегімен әр балаға сапалы білім алу үшін тең мүмкіндіктер берудің жарқын мысалы болып отыр.
Жайық Сұлтан,
облыстық білім басқармасының басшысы
Ақтөбе облысы