• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Пікір 05 Қыркүйек, 2023

Ұлттық қауіпсіздіктің тармағы

244 рет
көрсетілді

Әлемдік тәжірибеде «water governance» ұғымы мемлекет тарапынан су ресурсын жүйелі басқару мен тиімді пайдалануды көздейді. Елімізге Орталық Азиядағы су ресурстарының 18 пайыздан астамы ғана тиесілі екені мәлім. Сәйкесінше біздегі су қорының 40 пайызға жуығы көрші мемлекеттерден келеді. Бұл өз кезегінде, су ұлттық қауіпсіздіктің негізгі тармағы ретінде күн тәртібіне еніп отыр.

Осы салаға арнайы мән беріп, жеке министрлік ретінде құру – уақы­тылы қабылданған шешім. Жаңадан құрылатын Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі су саясатын ілгерілететін, су инфрақұрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар беріп, оның орындалуына жауапты болуы қажет. Сонымен қатар өз құзыреттілігі шеңберінде трансшекаралық су ресурстары бойынша келіссөздер мен талқылауларда мемлекеттік мүддені қорғауда басымдыққа ие болмақ. Сон­дай-ақ салалық ведомство ретінде су мәселелері бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдар мен өзге де мүдделі тараптармен байланысты жаңа деңгейге көтеруге, сол арқылы елімізге суды тиімді пайдалану бойынша жаңа технологиялар енгізуге мүмкіндік тумақ.

Орталық Азия өңірі ауыл шаруашы­лы­ғының 75 пайызы суармалы әрі еліміз­дің төменгі ағыста орналасуы су ресурсы бойынша көрші елдермен тиімді әрі жүйе­лі байланыс орнату, достық пен серіктес­тікке негізделген «су дипломатиясын» жүргізуді қажет етеді. Осы ретте аталған министрлік өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әрекет етуге тиіс.

 

Бауыржан БАҒЛАЙ,

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы дипломатия институтының қызметкері