• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қыркүйек, 2023

«Қызымды қазақшаға «біл» деп бердім»

252 рет
көрсетілді

Сәтбаев қаласындағы №14 мектепте биыл алғаш рет қазақ сыныбы ашылды.

Қай істе де бастау қиын емес пе, әзірге мұндағы бала саны да – аздау. Бірақ бір таңғаларлығы, сол аз­ғантай баланың арасынан «ар­па ішінде бір бидай» дегендей, алтын күздің сары жапырағы секіл­денген бір қыз бала назарымызды өзіне еріксіз аударды. Аты-жөні – Лиана Максимовна Кузьмина екен. Қазақшасы да мықты емес, еркін сөйлей қоймайды. Сонда қалайша қазақ сыныбына келді екен?

– Менің өзім де қазақшаға шор­қақпын. Бірақ үйреніп жүрмін. Біздің еліміз – Қазақстан. Осы жерде туып-өстік, Отанымыз – осында. Бұл жерден ешқайда кетпейтініміз анық. Енде­ше, неге қазақ тілін үйреніп алмасқа? Сондықтан Лиананы қазақ сыныбына бердім, – дейді оның ана­сы Татьяна Викторовна. Ол №57 шах­тада аспаздың көмекшісі бо­лып жұмыс істейді екен.

– Өзің де қазақша біле қоймасаң, ертең Лиананың сабаққа дайындалуы қиынға соқпай ма? – деген сұрағымызға Татьяна: – Біріншіден, сынып жетекшісі көмектесетінін айтты. Екіншіден, көршілерім қазақтар ғой, түсінбегенімізді солардан сұрап алармыз, – деді күле отырып.

Мұндайда қалай риза болмайсың. Сабаққа дайындалудың қиынға соғатынын сылтауратып балаларын орыс сыныптарына беретін бауырларымыз үлгі болғандай-ақ екен.

 

Ұлытау облысы,

Сәтбаев қаласы