• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қыркүйек, 2023

Ірі аймақтық жобалар Орталық Азия экономикасының құрылымын өзгертеді - Президент

177 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінгі саммиттің, шын мәнінде, маңызды жиын болатынына және көпжақты ынтымақтастықтың алдағы даму қарқынын айқындайтынына сенімдімін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өз сөзінде консультативтік кездесулердің форматы өміршең болып қана қоймай, перспективасы зор, пәрменді алаңға айналғанын атап өтті.

«Бұл – қуанышты жайт. Бұған кез келген мәселені конструктивті түрде шешуге мүмкіндік беретін белсенді әрі сенімді саяси диалог ықпал етеді. Өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық дәйекті түрде кеңейіп келеді. Бизнес арасындағы байланыстар жанданып, бірлескен кәсіпорындар саны арта түсті. Ірі аймақтық жобалар бәрімізге айтарлықтай пайда әкеліп қана қоймай, сонымен қатар Орталық Азия экономикасының бүкіл құрылымын өзгертеді», деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, соңғы бес жылда өңірішілік тауар айналымы 80 пайыздан астам өсіп, 10,6 миллиард долларға жетті.

«Мұнымен шектеліп қалмайтынымызға сенімдімін. Сауда-саттықты одан әрі дамыту үшін елдеріміздің әлеуеті зор», деп қосты Президент.