• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Саясат 27 Қыркүйек, 2023

Инклюзия жөніндегі кеңес

228 рет
көрсетілді

Парламент Сенатында «Мүгедектігі бар адамдардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Сенат, мәслихат депутаттары, министрліктердің, облыс әкімдіктерінің, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының және қоғамдық ұйымдардың басшылығы мен өкілдері қатысты.

Палата спикері Мәулен Әшім­баев өз сөзінде мүгедектігі бар азаматтарға жан-жақты қол­дау көрсетудің маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ол Әділетті Қазақ­стан дегеніміз – бірінші кезекте, инклюзивті қоғам екеніне назар аударды. Осыған орай Сенатта Инклюзия жөніндегі кеңес құрылмақ. Кеңес мүшелері аталған бағытта тиісті ұсыныстар әзірлеп, оларды іске асыру жолдарын талқылайды.

«Сенат жанынан Инклюзия жөніндегі кеңес құру Қазақстанда толыққанды инклюзивті орта қалып­тастыруға ықпал етуді көз­дейді. Кеңес аясында сапалы және тиімді заңнамалық ұсы­ныс­тар әзірленеді деп сенеміз. Жал­пы, мүмкіндігі шектеулі жан­дар үшін кедергісіз орта қа­лып­тастыру және оларды әлеу­меттік қорғау мемлекеттің негіз­гі міндеттерінің бірі. Осы орайда Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде Әлеу­меттік кодекс қабыл­данды. «Мү­ге­дектердің құқық­тары тура­лы конвенцияға» факуль­та­тив­­тік хаттама ратификациялан­ды. Сондай-ақ Мүгедектігі бар адам­дардың құқықтарын қам­та­масыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар іске асырылып жатыр. Мүгедектікке қатысты мәселелерді шешу ке­зінде медициналық және қайы­рымдылық тәсілдер парадиг­ма­сынан бас тарту қажет. Мүм­кін­дігі шектеулі жандардың құ­қық­­тарын қорғаудың, оларды қо­­ғамға бейімдеудің, жұмысқа ор­­на­­ластырудың және өз әлеуе­тін іс­ке асырудың тиімді жүйесін құ­ру керек. Осындай нақты істер мү­­ге­­­дектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарта тү­­­се­­­тіні сөзсіз», деді М.Әшімбаев.

Сенат төрағасы балалар ара­сындағы мүгедектік мәселесіне жеке тоқталып, елімізде медици­налық қызметтердің сапасын арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға қатыс­ты негізгі міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ Мәулен Әшім­баев мүмкіндігі шектеулі аза­мат­тар­­дың ортаға толық бейім­де­луі­не, еңбекке жарамдыларды жұ­мыспен қамтуға, ерекше қа­жеттілігі бар балалардың әлеуе­тін толық ашуға жағдай жасау маңызды бағыттардың қатарында екенін тілге тиек етті.

Кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен бастамалар «Мү­ге­дектігі бар адамдардың құ­қық­тары туралы» заң жобасын әзірлеуге тың серпін беруге тиіс. Жиында мемлекеттік ор­ган­дардың жұмысын үйлес­тіре­тін және мүгедектігі бар адам­дардың құқықтарын іске асыруғ­а бағытталған саясатты жүргізетін жеке орган құру мә­селесі де сөз болды. Алдағы уа­қыт­та сарапшылар бұл бастаманы зерделейді. Дөңгелек үстелде бар­лық деңгейдегі әкімдердің рей­тингіне мүгедектігі бар адам­дардың құқықтарына байла­ныс­ты шараларды іске асыру үшін жауап­кершілікті енгізу және мүге­дектігі бар адамдар­дың құқық­т­арын іске асыру бо­йынша тәуел­сіз мониторингтік тетік құру сияқты ұсыныстар да айтылды.