• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Үкімет 27 Қыркүйек, 2023

Тиімді тәжірибе алмасу

286 рет
көрсетілді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Вьетнам Ұлттық жиналысы депу­тат­­тарының делегациясымен кез­десті. Кездесу барысында екіжақ­ты ынты­мақтастықты және парламент­аралық байланысты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Мәулен Әшімбаев шетелдік әріптестеріне ілтипат білдіріп, бүгінде Қазақстан мен Вьетнам арасында жоғары деңгейде сындарлы және өзара сенімге негізделген диалог орнағанын атап өтті. Алдағы уақытта екі елдің Мемлекет басшылары белгілеп берген өзара іс-қимылдың осы қарқынын әрі қарай жалғастырудың маңызы зор.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары екіжақ­ты байланысты дамытуға тың серпін берді. Сапар аясында ынтымақтастықтың түрлі саласы бойынша маңызды құжаттарға қол қойылды. Парламентаралық ынтымақтас­тық екіжақты қарым-қатынастардың ма­ңыз­ды бөлігі екені сөзсіз. Бүгінгі кездесу аталған сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесі екенін де атап өткен жөн. Алдағы уақытта салалық комитеттер мен «Қазақстан – Вьетнам» достық топтарының депутаттары арасында тиімді байланыс орнату заңнамалық бағытта тәжірибе алмасу жолындағы нақты қадам болары анық», деді М.Әшімбаев.

Сенат спикері өңіраралық даму аясында Қазақстанның облыстары мен Вьетнамның провинциялары арасын­дағы ын­тымақтастықты нығайтуға қатысты ұсы­ныс айтты.

Сонымен қатар кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвес­тициялық ынтымақтастықтың әлеуетіне назар аударды. Сенат төрағасы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан экономикалық реформаларға да тоқталып өтті. Мәулен Әшімбаев кешенді реформаларды іске асырудың нәтижесінде шетелдік инвесторлар үшін түрлі салада жаңа мүмкіндіктер пайда болып жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Вьетнам Ұлттық жиналысы Төрағасының орынбасары Нгуен Хак Динь елімізде жүргізіліп жатқан әлеу­меттік-экономикалық және саяси рефор­маларды жоғары бағалап, көпжақты ынты­мақтастықты одан әрі кеңейтуге мүд­делі екенін білдірді.