• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Медицина 27 Қыркүйек, 2023

Корей дәрігерлері – Қазақ елінде

249 рет
көрсетілді

Жезқазған қаласындағы медицина орталығы Оңтүстік Корей еліндегі Ёнсе университетінің клиникасымен әріптестік байланыс орнатқан еді. Соның нәижесінде аталған медорталықтың дәрігерлері Корей еліне барып, тәжірибе жинақтаудан өтсе, жуырда ол жақтың 11 дәрігері Жезқазғанға келді.

Шеттен келген дәрігерлер бір ап­та бойы науқастарды оңалту шара­сы­­мен айналысты. Нәтижесінде, корейлік дәрігерлер Жезқазған, Сәт­баев қалаларынан 450-ден аса нау­қасты, соның ішінде 125 сырқат ба­ланы емдеді. Сал және психо­логия­лық кеш даму дертіне ұшыраған ба­ла­лардың емделуіне қатысты ақыл-кеңестерін берген дәрігерлер мұн­дай сырқаттарды одан әрі оңалту жол­дарын ұсынды.

Облыс халқының денсаулығын сақтау, нығайту бағытындағы әлемдік озық тәжірибелерді пайдаланудың берері мол. Мұндай иігілікті іс-ша­ра Халықаралық инновациялық өнеркәсіптік консорциум (R&IID XИӨК), «Қазақмыс корпорация­сы» ЖШС және «Severance-KZ Ха­лық­аралық медициналық қоры» ҚҚ ұйымдастырған еріктілер бағдар­ламасы аясында мүмкін болды.

– Біз екіжақты тиімді байланыс орнату арқылы халық денсаулығын нығайтуға білім-білігімізді бірлесе жұмсауға қуаныштымыз, – дейді Халық­аралық инновациялық өнеркә­сіптік консорциумның басқарушысы Алек­сей Ан.

 

Жезқазған