Жезқазған қаласындағы медицина орталығы Оңтүстік Корей еліндегі Ёнсе университетінің клиникасымен әріптестік байланыс орнатқан еді. Соның нәижесінде аталған медорталықтың дәрігерлері Корей еліне барып, тәжірибе жинақтаудан өтсе, жуырда ол жақтың 11 дәрігері Жезқазғанға келді.
Шеттен келген дәрігерлер бір апта бойы науқастарды оңалту шарасымен айналысты. Нәтижесінде, корейлік дәрігерлер Жезқазған, Сәтбаев қалаларынан 450-ден аса науқасты, соның ішінде 125 сырқат баланы емдеді. Сал және психологиялық кеш даму дертіне ұшыраған балалардың емделуіне қатысты ақыл-кеңестерін берген дәрігерлер мұндай сырқаттарды одан әрі оңалту жолдарын ұсынды.
Облыс халқының денсаулығын сақтау, нығайту бағытындағы әлемдік озық тәжірибелерді пайдаланудың берері мол. Мұндай иігілікті іс-шара Халықаралық инновациялық өнеркәсіптік консорциум (R&IID XИӨК), «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «Severance-KZ Халықаралық медициналық қоры» ҚҚ ұйымдастырған еріктілер бағдарламасы аясында мүмкін болды.
– Біз екіжақты тиімді байланыс орнату арқылы халық денсаулығын нығайтуға білім-білігімізді бірлесе жұмсауға қуаныштымыз, – дейді Халықаралық инновациялық өнеркәсіптік консорциумның басқарушысы Алексей Ан.
Жезқазған