• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Баға 03 Қазан, 2023

Бағаның тұрақтылығы қадағаланады

200 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше биыл мегаполис шаруалары 27,5 мың гектарға егін екті. Егістіктен дәнді дақылдар-11,4 мың га, майлы дақылдар-3,6 мың га, мал азықтық дақылдар-8,9 мың га, картоп-0,5 мың га, көкөніс пен бақша дақылдары-3,1 мың га құрайды. Бүгінгі таңда шаруалар 83,2 мың тонна өнім жинап үлгерді. Жиын-терім науқаны аяқталғанша өнім 87,1 мың тоннаға өседі деген болжам бар. Тарқатып айтсақ дәнді дақылдардан-16,9 мың тонна, майлы дақылдардан- 2,9 мың тонна, көкөніс пен бақшадан-42,4 мың тонна, картоптан – 5,2 мың тонна, мал азығы дақылдарынан – 15,8 мың тонна өнім алынды.

Өнімділікті арттыру мақсатында минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына сәйкес – 122 млн теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 20 млн теңге, пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомо­фаг­тардың) құнын субсидиялауға 600 мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар күзгі жиын-терім жұмыс­тарын жүргізуге 44,3 тонна жеңіл­детілген бағамен берілген жанар-жа­ғармай ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 245 теңгеден босатылып жатыр. Сонымен бірге мегаполисте ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы 93 пайызды құрап, күзгі жиын-терім науқанына толығымен жұ­мылдырылды.

Ресми мәлімет бойынша апта басында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 0,1 пайызға төмендеген. Ал жыл басынан бері баға өсімі 103,4 пайызға жетіп отыр. Азық-түліктің қымбаттығы жөнінен Шымкент өңірлер арасында 11-орында тұр.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақ­сатында, бюджеттен 8,7 млрд тең­ге бөлінді. Қомақты қаражат есе­бі­нен 200-ге жуық сауда орындарында бірін­­ші қажеттілікке кіретін азық-түлік тауарлары нарықтағыдан төмен ба­ға­­да сатылып жатыр. Сонымен қа­­тар ұн, жұмыртқа, нан, күнбағыс майы, сиыр, тауық еттерін өндіруші кәсіпорындармен келісімшарттар түзі­ліп, бекітілген сауда орындарында та­уар­­лар өндіруші бағасымен сатыла­ды. 2023-2024 жылдардағы маусым­ара­лық кезеңде көкөніс өнім­дерінің баға динамикасын тұрақты ұстап тұру үшін шаруа қожалықтарымен фор­вардтық келісімшарттар түзіліп, мау­­сымдық кезеңде көкөністер на­рыққа шығарылатын болады. Апта сайын қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмең­ке­лері ұйым­дас­тырылып, күнде­лікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада саудаланады. Жыл басынан бері осындай 320 жәрмеңке өткізілді», деді ауыл шаруашылығы бас­­қар­масының басшысы Әбунасыр Жанбатыров.

Сала басшысының айтуынша, бағаны қадағалау және делдалдық қызметті шектеу бағытында құзырлы мекемелермен арнайы комиссия құрылған. Қаңтардан бүгінге дейін комиссия 77 отырыс өткізген. Талдау жұмыстарының нәтижесінде комиссия 90-ға жуық заң­бұзушылық деректерін анықтаған. Бүгін­гі таңда, кемшіліктердің толығымен жо­йыл­ғанын баяндады басқарма басшысы. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерге электрондық шот-фактуралар арқылы хронометраждық зерттеу жүргізіліп, 54 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бағаны негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында сауда желілері, базарлар мен тауар өндірушілермен өзара ынтымақтастық туралы меморандум тү­зіл­ген.

«Жалпы қала аумағында азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ, баға тұрақты бақылауда ұстап отырмыз», деді сала өкілі.

 

ШЫМКЕНТ