• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Пікір 05 Қазан, 2023

Ардагер ұстаздар атаусыз қала бере ме?

336 рет
көрсетілді

Қазіргі зейнеткер мұғалімдердің еңбек жолы техника мен ғылымның жетіспеген кезінде өтті. Оны қазіргі 65-70-тен асқан мұғалімдердің бәрі басынан өткерді. Қара тақта, кітап-дәптер, бор мен көрсеткіш таяқтан өзге ештеңе жоқ еді. Күндіз отырмай, түнде ұйықтамай, көрнекілікті қолдан жасап еңбектенді.

Соның бірі – өзім. Маң­ғыстау ауданы Қызан ауы­лындағы Ә.Жангелдин атын­­дағы орта мектепте та­­бан аудармастан 45 жыл ұс­таз­дық еттім. Оның 11 жы­лында тәрбие ісі жө­нін­­дегі орынбасар, 7 жылын­да мектеп директоры қыз­метінде болдым. Сол кездегі айлық жалақының өзі қазір­гіше есептегенде 100 мың теңгенің көлеміне жетер-жетпес еді.

Қазір облыста, ауданда әртүрлі мерекелік іс-шаралар, айтулы күндер, түрлі жиын-жиналыс өтеді. Бұлардан қала мен аудан басындағы зейнеткер ұстаз­дар болмаса, ауылдағы арда­­гер, зейнеткер ұстаздар қа­лыс қалады. Биылғы жазда Ақтөбе об­лыстық білім бас­қармасы 250 ұстазға Тараз­дың «Мер­кі» шипа­жайына тегін жол­дама бер­ді. Ақтөбеге қара­ғанда Маң­ғыстау «қара алтынға» шомылып отырып, мұндай игі­лікті іс жасай алмай отыр. Ал­дағы уа­қытта да әкімдер мен ағарту саласының басшылары ойланар, ойланар да қолға алар деп үміттенемін.

Мен былтыр және биыл Ақтөбенің Мәртөк ауданы «Зәру» шипажайына 500 мың теңгеге демалып келдім. Он­да да зейнетақымды бір­не­­ше ай жинап бардым. Жыл сайын қазан айын­да тойланатын Ұстаз­дар кү­ні мерекесі – біз үшін «жа­бық дүние». Ауыл, аудан, облыс басшыларының ең бол­­маған­­да бі­рауыз жылы сөзі де жоқ. «Қай­найды қа­ның, аши­­ды жаның» деп әу­лие Абай дәл айтып кетіпті-ау...

 

Жеткіншек Әуелбайұлы,

ардагер ұстаз

 

Маңғыстау облысы,

Маңғыстау ауданы