Рим папасы Франциск былтыр Қазақстанға сапармен келіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысты. Сол кезде Қасиетті әке айтқан уағызды ескере отырып, маңызды мәселеге тоқталғым келеді.
Олар – бейбітшілік, әйелдер және жастар. Мұны Рим папасы да атап өткен. Сондай-ақ ең маңызды сөздер немесе ұғымдар мыналар: Қазақстан және оның халқы; адамның қадір-қасиеті, адам құқықтары; диалог; діни сенім бостандығы; бауырластық; демократия; зайырлы мемлекет арқылы дін мен саясаттың саламатты қарым-қатынасы.
Рим папасы Франциск Қазақстанды және қазақ халқын өз уағызында жиырма рет атапты. Қазақстан «кең-байтақ» және «ежелгі жер». Әлемдегі алып және негізгі құрлығы Азияның қақ ортасында орналасқан мекен – дін көшбасшылары кездесетін таптырмас жер. 2001 жылдың қыркүйегінде АҚШ-қа жасалған лаңкестік әрекеттен 11 күн өткен соң Қазақстанға келген Рим папасы ІІ Иоанн Павелдің сөзін мысалға келтірген Рим папасы Франциск сіздің елді қаһармандар мен діндарлардың, жер аударылғандар мен батырлар, зиялылар елі екеніне назар аударды. Қазақстанда мәдениеттің, адамгершіліктің және төзімнің тарихи даңқы қалыптасқан. Алайда қазақтар бастан өткерген әділетсіздіктің сары уайымына салынбай, өзара татулық пен бейбітшілік жолын таңдады.
Рим папасы Франциск Қазақстанға «бейбітшілік жаршысы, диалог пен бірлік іздеп» келгенін растады. Біз де өзімізді дәл осылай айта аламыз. Қасиетті әке дінаралық диалогті жақтайды. Сонымен қатар бұл қадам тыныштықты жақтап, қақтығыстарды болдырмауға, түсіністік пен көпжақтылықты нығайтуға, бейбіт және тұрақты әлем құру жолындағы қажетті құрал ретінде қарастырды.
Мұндай келісім баршамен түсіністікте болу, шыдамдылық танытуды қолдайды. Осы тұрғыда Рим папасы Қазақстанды ядролық қарудан бас тартқанына, энергетикалық және экологиялық саясатты әзірлеудегі күш-жігері және дінаралық диалогті ілгерілетуін жоғары бағалайды.
Халед АКАШЕ,
Ватикан, Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясы Ислам мәселелері бюросының басшысы, монсиньор