• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Саясат 18 Қазан, 2023

Халықаралық авиация мәселелері

154 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николя Ралло мырзамен кездесті.

2023 жылғы 16-20 қазан ара­лы­ғында ҚР КМ Азаматтық авиа­ция комитетінің шақыруымен Халық­аралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николас Ралло мырза Қазақстан Республикасына ресми сапарымен келді.

Сапар аясында Н.Ралло Қазақ­­­­­стан Республикасы Пре­мьер-министрінің бірінші орын­­басары Роман Склярмен кез­десу өткізді. Кездесу бары­сын­да тараптар Қазақстан Рес­пуб­ликасы мен ИКАО арасын­да­ғы­ ынтымақтастықтың өзекті мәсе­ле­лерін талқылады. Ха­лық­­­аралық азаматтық авиа­ция­ ұйымының (ИКАО) Еуро­палық және Солтүстік Атлан­ти­калық бюросының өңірлік дирек­торының еліміздің ұшу қауіп­сіздігі мен авиациялық қауіп­сіз­дікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстағы ілгерілеуін атап өтті.

Осылайша, ИКАО аудиті­нің нәтижелері бойынша Қазақ­стан­ның ұшу қауіпсіздігін қам­та­масыз ету деңгейі 82%-ға дейін артып отыр. Бұл әлемдік орташа­ көрсеткіштен 13 пайыз­ға­ жоғары. Сонымен қатар Қазақ­­станның азаматтық авиацияны басқару жүйесін реформалау саласындағы оң ілгерілеу байқалатынына назар аударылды. Кездесу барысында Николас Ралло ИКАО ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті, жолаушылар үшін әуе көлігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әуе тасымалы нарығын ілгерілету бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан барлық реформа мен бастаманы қолдайтынын айтып жеткізді.

Сонымен бірге кездесу­ шең­бе­рінде Қазақстан Респуб­ли­ка­сында азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту мақсатында Ұшу қауіпсіздігінің ұлттық жос­па­рын әзірлеу және бекіту, авиа­ция­ саласына арналған персо­налды оқыту, авиациялық оқи­ға­ларды тергеу жүйесін нығайту маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу соңында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі бастамалар одан әрі жалғасатынын айтып өтті. Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап талқыланған мәселелер барысында жемісті ынты­­мақтастықты жалғастыруға келісті.