• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Форум 23 Қазан, 2023

Конфессияаралық келісімді сақтау үлгісі

196 рет
көрсетілді

Кейінгі жылдары Қазақстан халықаралық аренада көрнекті бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретінде көрінді. Егемендік алғаннан бері бейбіт, сындарлы сыртқы саясат жүргізіп, түрлі жаһандық мәселені шешуде келіссөздер алаңын ұсынып келеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дәуірде бейбітшілік пен тұ­рақтылық орнату мақсатында құ­рылған Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның әлемдік тәртібі кейінгі кезде бұзылып, әлем бірнеше полярларға бөлінді. Жағдайдың бұлай өршуі БҰҰ-ның беделіне нұқсан келтіреді. Мұның салдары шартараптың түкпір-түкпірінде қарулану жарысын әкеп соғуы мүм­кін. Ахуалды реттеудің жал­ғыз жолы – дипломатияға жүгіну.

Дегенмен дипломатия бар­лық жағ­дайда жұмыс істемей­ді. Сондықтан жаһандық бей­біт­ші­лікті сақтаудың балама жолын ойлап табу керек. Дүние жүзіндегі адамдардың 85 пайы­зы дінге сенеді. Осылайша, дін әлемдік тәртіптің негізгі күші­не айналады. Сондықтан дін көш­бас­шыларының жаһандық бейбітшілік пен келісімді сақ­тауда рөлі ерекше. Сонымен қа­тар бүкіл дін адам өмірінің қас­терлі екеніне, өзара қолдауға және деструктивті үрдістерден бас тартуға шақырып, адам­гершілік құндылықтарды насихаттайды. Бұл қағидаттарды жаңа әлемдік тәртіптің негізі ретінде пайдалануға болады.

Президент Тоқаев діни жетек­ші­лерге өз ықпалын көрсете алатын үш саланы атап көрсетті. Біріншіден, олар ұзақ уақыт басынан қақтығыс өткізген қауым­дарда діннің күшін пайдаланып, соғыстан қалған жараларды емдеуге үлес қоса алады.

Екіншіден, жекелеген өш­пен­ділік әрекеттері әлем­дік бей­­­біт­шілікке нұқсан кел­тір­уі мүм­кін екенін ескеріп, діни көш­­­басшылар өзара қарым-қатынасын ілгерілету ар­қылы жағдайдың бақылаудан шы­ғуына жол бермейді.

Үшіншіден, жаңа техноло­гия­лар­дың нәтижесінде адам өмірінің бү­кіл саласында жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерді ес­керіп, діни көшбасшылар цифр­­лық шындықтың қиын­дық­та­рына қарсы тұру үшін рухани құн­дылықтарды сіңіріп, мо­ральдық стандарттарды бел­гі­лей алады.

Қазіргі заманның тірегі рө­лінен айырылған дәстүрлі діндер жаһандық деңгейде өзінің ық­пал­ды мәртебесіне қайта ие болды. Діннің қазіргі адам өміріндегі маңызын көр­сету мақса­тында Қазақстан билігі Астанада Әлем­­дік және дәстүрлі діндер көшбасшы­ла­рының съе­зін тұрақты өткізіп ке­леді. Іргелі жиын елдің ха­лық­аралық имиджін қалып­тас­тыруда маңызды рөл ат­қа­ра­ды. Құ­рылғанына 20 жылға жуық­таған съезд конфес­сия­ара­лық диалогтің жаһандық үде­рі­сіне елеулі үлес қосты.

Съезден келетін ауқымды артық­­шылықтарға назар аударып, оны тұрақты түрде ұйымдастыру өте өзекті. Жиын әртүрлі діндерді бір-біріне жақындатуда оң рөл атқарады. Осылайша, қоғамдағы бей­бітшілік пен басқаларға құр­метті ілгерілетеді.

Президент Тоқаев соңғы съез­дің ашылуында Қазақстан хал­қы әртүрлі өркениеттер мен дін­дер­дің дәстүрлерін, төзімділік пен ашықтық рухын бойына сіңіргенін атап өткені дұрыс қадам болды.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр, 18 конфессияны біріктіретін 4 мыңға жуық діни бірлестік еркін жұмыс істейді. Мұны Қазақстанның баға жетпес байлығы және төл артықшылығы деп білеміз. Съезд елімізде және бүкіл әлемде диалог пен ынтымақтастықты ны­ғай­ту жөніндегі Қазақстан сая­са­тының маңызды бөлігі», деді ол.

Бұл Қазақстанның өрке­ниет­ара­лық, дінаралық және конфес­сия­аралық диалог­тің жаһандық орталығы ре­тіндегі рөлін растайды. Съезд идеяларын жаһандық дең­гейде ілгерілету, шетелдік саясаткерлерді, сарапшыларды, журналистерді диалогке тарту, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары мен көрнекті сая­си қайраткерлерді ұзақ­мерзімді тұ­рақтылыққа қол жеткізуге ша­қыру маңызды.

 

Раза САЙЕД,

британиялық журналист