• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Музей 02 Қараша, 2023

Құнды жәдігерлер музейі

223 рет
көрсетілді

Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі 1937-1938 жылдары репрессиядан опат болған немесе қуғындалған азаматтардың есімін мәңгі сақтау, сол зұлмат оқиғаларды тарихта, ұрпақтар жадында қалдыру мақсатында ашылған. Құнды жәдігерлерге толы музейде жыл сайын осы тақырыпқа орай түрлі басқосу мен жиын ұйымдастырылады.

Ал 31 мамыр – Саяси қуғын-сүр­гі­н және аштық құрбандарын еске алу күні ауқымды кон­ференциялар ұйым­дас­ты­рылады. Соны­мен бірге репрессия құрбаны бол­ған, сталиндік жүйенің езгісін көрген жан­дардың ұрпақтары музейге жиі бас сұға­ды. Шымкентті көруге келген турис­тер де музейді тамашалайды. Оларды кө­біне жергілікті жердің тұрмысы, тарихы­ қы­зық­тырады. Бұдан бөлек, музейге елі­міз­дің зиялы қауым өкілдері, мәдениет қай­раткерлері келіп, тари­хи құжаттар, деректермен танысқанды жөн көреді.

Жуырда музейге бір топ зиялы қауым өкілі келді. Олардың арасында Жүсіпбек Аймауыт­ұлының туған інісі Жақыпбектің неме­ресі, медицина ғылымдарының до­к­торы Бауыржан Ысқақов, тарих ғылым­­дарының докторы, профессор Жам­был­­ Артықбаев, Жазушылар одағы төр­аға­­сы­ның бірінші орынбасары Нұржан Қуан­­тай­ұлы, Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­­­рат­кері Кенжехан Матыжанұлы, фило­­­ло­гия ғылымдарының кандидаты Айман Зей­нул­лина, қаламгер Сайлау Бай­босынов бар.

Қонақтар музейдің жаңғыртылған жаңа экспозиция залдарымен танысып, қазақ халқының зұлмат жылдары жа­йында тарихи-танымдық баяндамаларын тыңдады. Бұдан бөлек, ел зиялылары «Тағзым» залында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың рухына құран бағыштап, тағзым етті. Кейін музей экспозициясына қатысты ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты. Өз кезегінде музей атынан қонақтарға ерекше құрмет көрсетіліп, 10 томдық «Ақ жол» кітабы сыйға тартылды. Экскурсия соңында қонақтар музейдің қызметін жоғары бағалап, Пікір кітабына жылы лебізі мен естелік жазба қалдырды.

«Шымкенттегі Ө.Жәнібеков атындағы педа­гогикалық университетте Жүсіп­бек Аймауытұлына атында ескерткіш ашы­­­­лып, тақтайша қойылды. Алаш қай­рат­­керінің ұрпағы осы іс-шараға қонақ бо­лып қатысып, бір жағынан біздің музей­ге та­рихи құжаттардың көшірмесін тапсыр­ды. Алаш көсемдерінің ұрпақтары музей­мен тығыз байланыста. Мәселен, Сұлтан­бек Қожановтың іні­сінің баласы­ көне фотоальбомды сыйға тар­­тып кет­ті.­ Ол Кентау қаласынан С.Қожа­нов атын­­дағы көшенің ашылуы­на­ күш сал­ған. Алаш зиялысының атынан туған жері­нен музей де ашқан. Алдағы уа­қытта Сұл­тан­бек Қожановтың 130 жыл­дығын той­лауға әзірлікте жүр. Жалпы, саяси қу­ғын-сүргін құрбандарының ұрпақ­та­ры­мен тығыз қарым-қатынастамыз. Тіпті Whatsapp желісінде ортақ чатымыз да бар. Биылдан бастап видеотеканы қолға ал­дық. Бұл жерде репрессия құрбан­да­ры­ ұр­пақ­тарының естелігін жазып аламыз. Кейін редакциялап, жинаққа енгіземіз. Әсі­ресе музейдің жұмы­сына шетелдіктер қат­ты қызығады. Жақында ғана АҚШ-тың Қазақ­стандағы елшісі Дэниел Розен­блюм мырза мен жұбайы Шарон Ваксман ханым, АҚШ-тың Бас консулы Мишель Еркин және елшіліктің қызметкерлері біз­де қонақта болды. Бас кон­сул­дың қы­зы аштық тақырыбында тари­хи ізде­ніс­тер жүргізеді екен. Біздің қор­дағы құ­жат­тармен, фотоальбомдармен таны­сып, құн­ды жәдігерлерге жолыққанын қуа­ныш­пен жеткізді. Жалпы, музейге шетел­дік­те­р­ тарапынан қызығушылық жыл­дан-жыл­ға өсіп келеді. Мәселен, 2021 жылы 21 ше­телдік азамат музей қонағы болса, биыл 8 айдың өзінде олардың саны 300-ге жуық­тады», деді музей директоры Мария Асқарова.

Еліміздегі саяси бағыттағы қуғын-сүр­­гін тақырыбына арнап алғаш ашылған му­зей­­дің бір ерекшелігі сыртқы сәулеті мен ішкі дизайны атауына сай үйлесім тапқан. Музей «Экспозициялық», «Тағзым» және «Кино» залдарынан тұрады.

 

ШЫМКЕНТ