• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қараша, 2023

Қапияда қыршын кетті

1596 рет
көрсетілді

Қарашаның 5-інде кешкі 20 сағат 20 минутта «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-на қарасты Шығыс Жезқазған кеніші №57 шахтасының диспетчері басшылыққа төбенің опырылып түсуі салдарынан өндірістік апат болғаны жөнінде хабарлайды. Апат болған жерден учаске шебері Ерлан Бимағанбеттің денесі табылады. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясын жасап көргенімен, еш нәтиже бермеді.

Кен өндірісіндегі еңбек өтіліне 17 жыл толған Ерлан кеніштегі мақтаулы кеншілердің бірі болған екен. Ол III дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісімен марапатталыпты. Соңында аңырап жары мен екі қызы қалды.

Ерлан бұл әулетте кеніштегі өндірістен өмірі үзілген ал­ғашқы азамат емес. Осыдан он жыл Ерланның туған інісі де «Қазақ­мыстың» Анненск шахтасында орын алған апат кезінде қаза тапқан көрінеді.

Корпорация басшылығы Ерлан Бимағанбеттің отбасына, туған-туысқандарына көңіл айтып, моральдық-материалдық көмек көрсетілетінін айтып та жатыр. Дұрыс та шығар. Бірақ  қыршынынан қиылған өмірді енді кім қайтарып бере алады? Ол биылғы наурыздың 16-сында ғана қырықтың қырқасына көтеріліп еді...

Ұлытау облысы