• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Қараша, 2023

Бахтиер Зайнутдиновтың матчқа қатыспағаны өкінішті – Словения футболшысы

220 рет
көрсетілді

Словения ұлттық құрамасының қорғаушысы  Яка Бийол Қазақстан ұлттық құрамасына қарсы өткізген ойыннан кейін  Vesti.kz тілшісіне сұхбат беріп,  Бахтиер Зайнутдиновтың  маңызды дода алдында жарақаттануына қынжылыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яка  Бийол  Түркияның «Бешикташ» клубында ойнайтын жерлесіміз Бахтиер Зайнутдиновтың  Словенияға қарсы матчқа жарақаты себепті  қатыса алмағанына өкінішін білдірді.

«Қазақстан құрамасы іріктеу  турында жақсы нәтиже көрсетті.  Өкініштісі, бізге қарсы ойынға Бахтиер Зайнутдинов қатысқан жоқ.  Оған тезірек сауығып кетсін деймін. Қазақ футболшыларына сәттілік тілеймін, ұлттық құрамада талантты жас футболшылар да бар», деді Словения құрамасының қорғаушысы.  

Бийол мен Зайнутдинов Мәскеудің ЦСКА клубында бірге ойнады.