• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Үкімет 28 Қараша, 2023

Күн тәртібі бекітілді

151 рет
көрсетілді

Сенаторлар 30 қараша күні өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті.

Алдағы Сенат отырысында депутаттар «Қазақстан Республи­касының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қарайды.

Айта кетейік, құжат нормаларына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Кәсіпкерлік, Еңбек, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстерге, сондай-ақ Қазақ­стан Республикасының он заңы­на өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу көзделіп отыр.

Сонымен қатар сенаторлар салық саласын жетілдіруге арнал­ған «Салық және бюджетке төленетін басқа да мін­детті тө­лемдер туралы» Қазақ­­стан Рес­пуб­ликасының ко­дексі­не (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қол­данысқа енгізу туралы» Қазақ­стан Респуб­ликасының заңына өзгеріс­тер мен толықтыру­лар енгізу ту­ралы» және «Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық акті­леріне салық салу мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң­дарды қарайды. Атап айтқанда, микроқаржы ұйымдары үшін провизиялардың мөлшерін азайту кезінде салық жеңілдіктерін ен­гізу, талап қою кезінде мемле­кет­тік баждарды төлеу және бас­қа да бірқатар маңызды өзге­ріс бо­йынша тиісті түзетулер енгізіледі.

Сондай-ақ Бюро отырысында Парламент Мәжілісінен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.