• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Желтоқсан, 2023

AlmaU-дың айрықша жинағы

159 рет
көрсетілді

Алматы менеджмент университетінде «Алаш қай­раткер­лерінің озық идеялары» атты ғылыми жинақ­тың тұсаукесері өтті. Жинақ университеттің 35 жылдығына орай шығарылып отыр.

Құнды еңбек 3 бөлімнен, 22 ғалымның зерттеу жұ­мысынан тұрады. Тағылымы мол жинақтан М.Жүсіпов, Т.Жұртбай, Д.Ысқақұлы, Д.Әл­кебаева, Ғ.Байтілеуова, О.Жұ­бай, С.Жүсіп, А.Сал­қын­­бай, тағы да басқа ав­тор­лардың зерттеуін кездес­тіруге болады.

Кітаптың негізгі мақсаты – Алаш қайраткерлерінің озық идеяларын алыс-жақын шетелдерге де танытып, өмір­шең қазынаға айналдыру.  Кітапта Алаш зиялыларының оқу-ағарту, білім, тәрбие және мә­дениет мәселелері бойынша қалдырған мұраларын шетел ғалымдарының туындыла­рымен салыстыра отырып тал­данған ғылыми мақалалар топ­тастырылған.

«Университет – Алаш аза­маттарын тәрбиелейтін жер. Ал Алаштың арыстары үнемі халықтың сауатын ашуға ты­рысқаны ақиқат. Сол се­бепті бүгін жүрегі қа­­зақ деп соға­тын әр азамат­тан сүйінші сұ­раймын! Біз AlmaU-дың 35 жылдық ме­рейтойына арнап «Алаш қай­раткерлерінің озық идеялары» атты ғылыми жинақты дайындадық. Алаш идеясы – ХХ ғасыр басындағы қа­зақтың ұлттық-мемлекеттік идеясы, жаңашылдық пен жа­сампаздықтың көшбасшысы болды. Алаш мүддесі мен идея­сына адалдық қашан да Қазақстанның саяси, рухани өркендеуі мен өрістеуінің баро­метрі болып қалмақ. Алаш­­орданың дүниеге келген күнімен Алматы менеджмент уни­верситетінің т­уған күні­нің сәйкес келуі бізге үлкен міндеттер жүк­тейді. Сондық­тан да біз Алаш қайраткерлері мен олар­дың ұлы істерін зерттеп, насихаттауды әрі қарай жалғас­тырмақпыз. Ағыл­шын тіліне аударып, бүкіл әлем­ге тарату жоспары ойы­мызда. Осылайша, Алаш зия­лы­ларының қайраткерлік жолын халықаралық ғылыми қауымдастыққа танытуды көз­дейміз», деп атап өтті Alma­ty ­management university президенті Асылбек Қожах­метов.

Ұйымдастыру комите­тінің мүшесі, филология ғы­лымдарының докторы Мең­дігүл Шыңдалиева жобаға еліміздің 5 қаласынан 10 жо­ғары оқу орнының мамандары қатысқанын айтады.

«Алаш зиялыларының еңбектерін оқып отырып, олардың Ежелгі Рим, Грекия, Үндістан мен Қытай ойшылдары мұрасымен етене таныс болғанын, сол ұлылардың да­налықтарына қанық бол­ғанына көз жет­кіземіз. Біз­дің байқа­ға­­нымыз, Алаш құнды­лықтары Махатма Ганди, Мар­тин Лю­тер Кинг, Мұстафа Ке­малдың күрес жо­лын­­да­ғы үндеулерімен, ұстаным­дарымен ұш­та­сып, әлемдік сая­си оқиға­лармен тығыз бай­ланысқан», дейді ғалым.

 

АЛМАТЫ