• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Ақпан, 2024

Ұландықтар топ болып төбелескендерді тоқтатты

205 рет
көрсетілді

Талдықорған қаласында Ұлттық ұланның жауынгерлері жаппай төбелеске қатысушылардан травматикалық тапанша, пышақ, көзден жас ағызатын бүріккіштерді тәркіледі, олар жанжал кезінде аталған қаруларды қолданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше 1 ақпанда сағат 18:45 шамасында Талдықорған қаласы Қабанбай батыр (Арбат) көшесі бойында патрульдік бекет қызметін атқарып жүрген әскери жасақ бір-бірімен төбелескен бұзақылар тобын байқаған. Ефрейтор Әділет Теміров, патрульші қатардағы жауынгерлер – Қылышбек Толыбаев, Ақан Иманбек, Ермек Нағыметовтер жедел іс-қимылдары әрі кәсіби шеберліктерімен төбелес шығарған топқа қатысы бар екі бұзақыны ұстап, қақтығыстың одан әрі шиеленісуіне жол бермеді және айналасындағылардың қауіпсіздігін сақтай білді.

Ұландықтар болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қоғамдық тәртіпті бұзушыларды қалалық полиция басқармасының қызметкерлеріне жеткізді.