• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 08 Ақпан, 2024

Көлеңкелі экономикамен күресті күшейткен жөн

245 рет
көрсетілді

Елімізде шешімін күтіп, қордаланып қалған мәселе көп. Олардың кейбірі тіпті мемлекеттің дамуына кедергі келтіре бастағаны сезіліп жатыр.

44 жастағы Премьер-министр Олжас Бектенов бұл мәселені шеше ала ма деген алаң көңіл бар. Мен саясаттанушы ретінде мәселе жаста емес, табандылықта дер едім. Тарихқа көз салсақ, Тұрар Рысқұлов жиырмадан асқан шағында Мәскеуде Халық комиссариаты төрағасының орынбасары болды.     

Көп нәрсе Премьер-ми­нистр­дің ғана емес, Үкімет құра­мы­ның табандылығына да байланысты. Қай жерге қарасаң да проблемалар бар.

Тіпті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шенеу­ніктерде бастама жетіспейтінін, жауапкершілікті өз мойнына алып, шешім қабылдаудан қор­қатынын айтты. Алда шеші­мін күтіп тұрған мәселе көп. Прези­дент сөзден іске көшу керектігін бұл жолы тағы да ескертті.

Ал мен кәсіпкер ретінде Үкі­мет құрамындағы өзгеріс­терге назар аудардым.  Қаржы және Ұлттық экономика министрлігі басына бұрын осы саладан өткен, тәжірибе жинаған білікті мамандар келді. Билік пен қоғам арасында сындарды сұхбат болған кезде ғана қоғам алға жылжиды. Дәл қазір салық деңгейіне қатысты өзгерістерге көңілі толмайтындар көп. Бұл мәселе жаңа Үкімет құрамында оң шешімін табады деп үміттенемін. Себебі елдің қазынасын тек салықпен емес, басқа жолдармен де толтыруға болады. Заң түзулен­се, нарық делдалдардан таза болады, бизнес өседі, қанатын жаяды, кеңейеді. Біз бюджет түсімін салықпен емес, ШОБ қатарын көбейту арқылы арттыруға да басымдық беруіміз керек.

Мемлекет басшысы көлеңкелі экономиканы азайту жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс істеуіміз ке­рек­тігін, егер дұрыс басқару құ­рылмаса, ең озық салық саяса­ты да тиімсіз бо­ла­ты­нын айтты. Бизнес сегмен­тін­де көштің бағы­ты түзу болса, көлең­келі эконо­ми­ка­ның да үлесі азаяды. 

Үкімет басына келген Премьер-министр Олжас Бек­тенов­тің негізгі міндеттері бар­лық министрлік пен  мемле­кеттік органның қызме­тіне қатаң бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекет­тік аппараттағы сыбайлас жем­қорлықпен күрес жұ­мысын күшейту, ірі бизнестің өзара әрекеттесуімен байланысты болады деп ойлаймыз.

Экономикалық үде­ріст­ерді басқару реформа­лар­­дың барысына жауап беретін  вице-премьерлер институтын қа­лып­­тастыратын кез келді деп санаймын. Осы инс­­титутқа  мемлекеттік бағ­дар­­ла­маларға бөлінген қаржы емес, түрлі жобаларға бөлінген қар­жы­ны бақылау құзыреті берілуі керек.

 

Махамбет АСАБАЕВ,

кәсіпкер 

 

АЛМАТЫ