• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Ақпан, 2024

Ауғанстан мәселесі: Бірлескен жұмыс қажет

239 рет
көрсетілді

Бішкекте Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерінің Ауғанстан мәселесі бойынша алтыншы өңірлік диалогі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Ауғанстан­дағы жағдайдың дамуы және оның өңір­лік қауіпсіздікке әсері жөнінде пікір алмасты.

Ғизат Нұрдәулетов Ауған аумағындағы жағдайды айқындайтын бірқатар факторды атап өтті. Осы ретте негізгі қауіп бұрынғыша терроризм мен экстремизмнің, заңсыз есірткі айналымының таралуына, қару-жарақ сатуға және заңсыз көші-қонға байланысты болып отыр.

Трансшекаралық суды пайдалану мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы осы қауіп-қатерлерді барынша азайту үшін Ауғанстандағы жағдайды, оның ішінде әлеу­меттік-экономикалық жағдайды тұрақ­тандыру ісіне көмектесуге бағыт­талған бірлескен жұмыс қажет екенін айтты.