• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Ақпан, 2024

Қарағандыда баға қалай реттеледі?

122 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында ең қажетті азық-түлік өнім­дері бағасының негізсіз өсуі тіркелмеген. Бөлшек сауда нысандарында заңмен рұқсат етілген 15% үстеме ғана сақталып отыр.

Қарағанды облысында әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстап тұру үшін нендей шаралар қолға алынып жатқаны жайын­да Өңірлік коммуникация­лар қызметі платформасында өткен брифингте Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Лю­барская және ауыл шаруа­шылығы басқармасы басшы­сының орынбасары Сырым Бош­панов айтып берген еді.

Өңірде бағаны реттеу мақ­сатында бірнеше тетік қолда­нылады: өңірлік тұрақтандыру қоры құры­лады, өндірушілерге айналым схемасы бойынша несиелер бе­ріледі, меморандумдар жасалады.

– «Сарыарқа» ӘКК бағасын тұрақтандыру үшін 2 219 тонна бакалея өнімі, оның ішінде 404 тонна күріш, 422 тонна қант, 73 тонна қарақұмық жармасы, 90 мың литр күнбағыс майы, 1 230 тонна бірінші сұрыпты ұн жеткізу туралы келісімшарт жасалды. Сондай-ақ 690 тонна картоп, 274 тонна сәбіз, 520 тонна пияз және 222 тонна қырыққабат үшін несие шарттары жасалды, – деді С.Бошпанов.

Айналым схемасы шең­берінде әлеуметтік нан 90 тең­геден, бірін­ші сұрыпты ұн – 154 тг/кг және макарон – 245 тг/кг сатылады. «Құрма» агрофирмасы» құс фабрикасы дүкендерге он дана жұ­мырт­қаны 480 теңгеден жеткізеді.

Кәсіпкерлік басқармасы күн­делікті негізде біздің облыста өндірілмейтін әлеуметтік маңы­зы бар өнімдердің болуы мен бағасына мониторинг жүргізеді. Бұл – 19 атаудың бесеуі – қант, тұз, қарақұмық жармасы, ұнтақ­талған күріш, өсімдік майы.

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері сауда ұйымдарымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне ең төменгі сау­да үстемесі – 5-10% болатыны тура­лы 2832 меморандумға қол қойды.

– 400-ден аса әлеуметтік бұрыштар мен сөрелер құрылды, онда бұл өнімдер ең төменгі бағамен ұсынылған. 20-дан аса әлеуметтік павильондар жұмы­сын жалғастырып жатыр. Жыл басынан бері 50-ден астам жаңа сауда нысандары іске қосылды, олармен бірден ӘМАТ-қа ең төменгі үстемеақы туралы ме­морандум­дар жасалады, – деді И.Любарская.