• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2024

Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысы тұрғындарының шығыны өтеледі

253 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров аймақтағы су тасқынына байланысты тұрғындарды сабырға шақырып, арнайы құрылған комиссия шығындарды есептейтінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Облыс басшысы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ол Facebook парақшасында бейнежазба жариялап, табиғаттың тілсіз апатына ешкім тосқауыл бола алмайтынын және жауын-шашын жағдайды қиындатып жібергенін айтқан. Асхат Шахаров тұрғындарға алғысын білдіріп, аймақта материалдық шығынды есептейтін комиссия құрылғанын, зардап шеккен бірде-бір ақтөбелік назардан тыс қалмайтынын айтты.

«Қазіргі уақытта аймақта су шайған жолдар, көпірлер мен өткелдер, су басқан үйлер мен аулалар бар. Кеше аудандарға барып келдім, бүгін қаланы жаяу аралап  шықтым. Материалдық шығынды құрылған комиссия анықтайды. Тұрғындарымызға сабыр сақтағаны үшін алғысымды білдіремін. Ешбір адам назардан тыс қалмайды», деді өңір басшысы.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында 12 ауданның әкімдері мен қала басшысы, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, әскери құрылымдар, полицейлер күндіз-түні күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 

Су тасқынына қарсы штаб, Ахуалдық орталықтағы операторлар тәулік бойы ақтөбеліктердің қоңырауына жауап беріп, тиісті көмек көрсетіп жатыр.