2023 жылы АХАТ органдары Қазақстан Республикасында 120,8 мың некені тіркеді, бұл бұдан бұрынғы жылмен салыстырғанда 5,9% аз, деп жазады Egemen.kz.
Некелесудің жалпы коэффициенті 6,07 құрады (1000 адамға шаққанда). Өңірлер арасында Астана қаласының тұрғындары көп некелескен, 1000 адамға шаққандағы кэффициент 7,46, ал ең төменгі деңгей Түркістан облысында – 1000 адамға 5,55 болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық статистика мәліметінше, отбасын құрғандардың ішінде бірінші рет некеге тұрған ерлердің үлесі 78,2%, әйелдерде – 79,4%, ажырасқандар арасында қайта некеге тұру үлесі ерлерде 20,4%, әйелдерде 18,9% болды.
Қалалық жерлерде 80 мың неке (66,2%), ауылдық жерлерде 40,8 мың неке (33,8%) тіркелді.
Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлер үшін 27,8 жас, әйелдер үшін 25,2 жас болды.
Тіркелген некелердің 82,3% моноэтникалық, яғни бір ұлт арасындағы жұптардың отасуы, ал қалған 17,7% – этносаралық.
Ажырасуға келетін болсақ, олардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 9,6% азайып, 40,2 мыңды құрады. Қалалық жерлерде 29,4 мың ажырасу (73,1%), ауылдық жерлерде 10,8 мың ажырасу (26,9%) тіркелген.
Ажырасудың жалпы коэффициенті 2,02 құрады (1000 адамға шаққанда). Ажырасудың ең жоғары деңгейі ШҚО-да – 1000 адамға шаққандағы коэффициент 3,14, Түркістан облысында ең төмен – 1000 адамға 0,89. Осылайша, 2023 жылы 1000 некеге 333 ажырасудан келген (2022 ж. – 347).
Неке ұзақтығы бойынша ажырасулардың ең көп үлесі (34,9%) некеде 1-4 жыл өмір сүрген отбасылар арасында, тағы 26,7% 5-9 жыл бірге отасқандар арасында болған.