• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 25 Сәуір, 2024

Шымкент қалалық сотының төрағасы тағайындалды

325 рет
көрсетілді

Әділхан Шайхисламов Шымкент қалалық сотының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев Шымкент қалалық сотының судьяларына жаңадан тағайындалған төраға Әділхан Шайхисламовты таныстырды. 

Кездесуге Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, қаланың құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшылары, судьялар мен адвокаттар қатысты. 

Өз сөзінде А.Түкиев Әділхан Шайхисламұлының 20 жыл судьялық тәжірибесі барын, сот жүйесінің дамуына қосқан үлесін, жоғары біліктілігін, ерекше адалдығы мен қажырлы еңбегін атап өтті. 

Жоғарғы Сот алқасының төрағасы Әділхан Шайхисламовтың өңірлік соттардың сот төрелігін сапалы жүзеге асыруын қамтамасыз ету, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша өзіне жүктелген жауапты міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді. 

Әділхан Шайхисламов 1964 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 

1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. 

1996-2002 жж. – консультант, Қызылорда қаласы Әділет басқармасы бөлім бастығының орынбасары, Банк консультанты, АҚ заңгері; 

2004-2016 жж. – Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы, Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының судьясы; 

2016-2021 жж. – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы; 

2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.