• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 25 Сәуір, 2024

Азаматтық негіздегі ынтымақ

53 рет
көрсетілді

Кейінгі кезде Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында ұйымдастырылған 15 мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шараның барлығы «Адал азамат» тұжырымдамасын жүзеге асыруға, ұлттық бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған. Басты міндет – этностарды азаматтық негізде біріктіру.

Елімізде мыңнан астам этномәдени бірлес­тік бар, өткен жылдар ішінде олар ныға­йып, азаматтық қоғамның күшті институтына айналды. Бірлестік мүшелері төтенше жағдай – су тасқынының қиын-қыстау кезеңінде құтқарушылармен және еріктілермен бірге алдыңғы қатарда болды. Гуманитарлық көмек жинап, жеткізуге айрықша үлес қосты. Біз хал­қы­мыздың бірлігін, бауырластығын өз көзімізбен көрдік. Бұл бірлік сенімге негіз­делген және біз қандай да қиын жағдайда аза­мат­тарымыздың ең жақсы қа­сиеттерін – пат­риот­тықты, ынтымақтықты көрсететініне куә бол­дық. Осы сынақтардан сүрінбей өтіп, халқы­мыз бұдан да нығая түсетініне және бұл күш жа­сам­паздыққа жаңа серпін беретіне сенімдімін.

Кейінгі бір жылда ҚХА үлкен өзгеріс­терге ұшырады. Алғаш рет республикалық құрылымдарды дүнгендер, тәжіктер, қырғыздар, беларустар құрады. Келер жылы бұл институт өзінің отыз жылдығын атап өтеді. Осы орайда оны жаңа жобалармен атап өту қажет деп білемін.

Алматы облысында 10 миллион ағаш отырғызу, этнос жастары үшін кәсіптік бағ­дар беру, компьютерлік және қар­жы­лық сауаттылық бойынша білім беру және білім беру курстарын ұйымдастыру сияқты бастамаларды ілгерілетуді ұсынамын.

 

Юрий ШИН,

ҚХА төрағасының орынбасары, Қазақстан корейлері қауымдастығының президенті