• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Мамыр, 2024

Павлодар облысында прокурордың көмекшісі өзіне қол жұмсады

167 рет
көрсетілді

Павлодар облысы Баянауыл аудандық прокурорының көмекшісі өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

29 жастағы азамат қызметтік пәтерінде асылып өлген. Ол жұмыс бабымен Баянауылда жалғыз тұрған. Ал әйелі мен баласы Астанада тұрады.

Прокуратураның ішкі қауіпсіздік қызметі барлық материалды полицияға тапсырған. Тергеудің екі бағытта жүріп жатқаны айтылды.