• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Зерде 19 Мамыр, 2024

Оқушыға қауіп төнгенде құзырлы органдарға хабарлайтын қосымша әзірленді

157 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 мектебінің 10-сынып оқушысы  жасанды интеллект тақырыбына қызығушылық танытып, зерттеу жүргізіп, оқушыға қауіп төнгенде құзырлы органдарға хабарлайтын «NazarAI» қосымшасын ойлап тапты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Тұмар Смағұлдың «NazarAІ» қосымшасы нақты уақытта бейнекамера материалдарын жасанды интеллект арқылы өңдейді, яғни адамды тану, адам әрекетін модельдеу, қауіпті сәтте шұғыл хабарлау секілді жұмыстарды ұйымдастырады.   Аталған қосымша – мектепке келген оқушылардың бейне камерадағы кескінін таниды және танылған оқушы мектепке келген мезетінде автоматты түрде ата-аналарға хабарлама жібереді. Хабарламада оқушының фотосы, аты-жөні, келген уақыты көрсетіліп тұрады. 

Қосымшаның тағы бір қызметі – қауіпті сәтті анықтау. Оқушыға қауіп-қатер төнген сәтте жәбірленуші екі қолын көтерсе, жасанды интеллект бейнедегі адам әрекетінің компьютерлік моделін құрастырады. Осылайша, адам қолы, буындарының бұрыш градустары арқылы есептеулер жүргізіп, адамға қауіп төнгенін анықтайды.

Қауіп анықталған соң, қосымша адам бейнесін скрин жасап, ақпаратты арнайы ашылған Telegram-арнаға жібереді. Аталған Telegram-арнада ішкі істер органдарының арнайы бөлімі тіркелген.