• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Тағзым 29 Мамыр, 2024

Әлкей әлемі

173 рет
көрсетілді

Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми жобасы аясында Әлкей Марғұланның 120 жылдығына арнал­ған «Марғұлан оқулары-2024» халықаралық ғылыми-практика­лық конференциясы өтті. Алқалы жиынға елімізден, Франция, Польша, Ресей, Беларусь, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Армения сынды елдерден сарапшылар, академиктің ұрпақ­тары қатысты.

Марғұлан университетінде өткен іс-шараға жиналған жұрт алдымен академиктің ескерткіш-мүсініне гүл шоқтарын қойып, ғалымның рухына тағзым жасады. Содан кейін университеттің бас корпусында Орталық мем­лекеттік музейдің «Ғылымның марқасқасы – Марғұлан!» көрме­сін тамашалады.

Конференцияның шымыл­ды­ғын ашқан Марғұлан уни­верситетінің басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаев барша қатысушыны маңызды іс-шара­ның басталуымен құттықтады.

– Бұл конференция – біз үшін аса маңызды әрі мазмұны те­рең, салиқалы мәжіліс. Өйткені ­біз ұлтымыздың ұлы есімдерін еске түсіріп, тағзым ету арқылы парызымызды атқарып келеміз. Академик Әлкей Марғұлан тарих, археология, этнография, әде­биет, қолданбалы және сәулет өнерi мен металлургия саласы бойынша 300-ден аса ғылыми еңбек, 100-ден көп энциклопедиялық мақала жазған ғалым. Ғылыми еңбектері көптеген шет тiлiне де аударылды. Әлкей Марғұлан педагогика бағытында да еңбек жазды, қазақ халқының аңыз-ертегі мен жырларын зерттеп, тұңғыш халық педагогикасының негізін қалады, – деп атап өтті ректор Ж.Жилбаев.

Ал ашылуында сөз алған Әлкей Марғұланның қызы Дәнел Әлкейқызы:

– Әкеміз үнемі жұмыстан қо­лы босамайтын. Ғылым оның хоб­биі болды, ол өмірін архео­логия­ға арнады. Күндіз-түні ұйық­та­май, үш-төрт сағат қана көз іліп, қайтадан жұмыс үстеліне отыратын. Өмірінің соңғы жылдарын Қазақстан архитектурасын зерттеуге арнады, кейіннен дәл осындай атаумен еңбегі жарық ­көр­ді, – деп әкесі туралы естелік­терін айтты.

Конференцияда сонымен қа­тар былтыр жүргі­зіл­ген да­ла­лық археологиялық зерт­­­т­еу­лердің қорытындыла­ры бо­йын­ша ақпараттар, оның ішінде өткен жылдардағы мате­риалдар талқыланды. Осыған қо­са архео­логия ескерткіштерін зерт­­теудің жаңа әдістерін қолда­ну, пәнаралық зерттеулер, оларды қорғау, ғылыми және мәде­ни өмірдің әртүрлі саласында қолдану мәселелерін қоз­ғаған баяндамалар үлкен қызы­ғу­шы­лық тудырды. Академик Әлкей Марғұлан, оның еліміздегі ғы­лым­ның қалып­тасуы мен дамуы­на қосқан үлесі, тас дәуірінің ес­керткіштерін зерттеудің өзекті мәселелері мен келешегі, ерте металл дәуірі-кешендерді кезең­ден­діру және мәдени сәйкестен­діру мәселелері, Еуразиялық мә­дени кеңістіктегі ерте көш­пелі­лер, ортағасырлық археология – қала және дала өрке­ниеті, этно­архео­логиялық Ежел­гі және дәс­түрлі қоғамдарды зерттеу, Қазақстанның архео­логиялық ескерткіштері: та­ри­хи-мәдени мұраны сақтау, қал­пына кел­тіру және пайдалану мәселелері және басқа да терең әрі өзекті тақырыптарда бас-аяғы 117 ғы­лыми баяндама жасалды.

Айта кетейік, конферен­ция барысында академик Әлкей Марғұланның туған ауы­лына көш­пелі іс-шара жос­пар­лан­ып, қатысушылар Баян­ауыл мем­лекеттік ұлттық таби­ғи пар­кінің археологиялық ескерт­кіштеріне барды.