• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Жәдігер 31 Мамыр, 2024

Шашақты найза

135 рет
көрсетілді

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында тұрған қос найзаның ұшын археологтер 2009 жылы Бейімбет Майлин ауданындағы Халвай қорғанындағы көне қорымнан тапқан. Ғалымдардың айтуынша, құнды жәдігерлер бізге қола дәуіріндегі көшпелілер өркениетінің сынтасты мәдениетінен жеткен.

Найза ұшының екеуі де қоладан құйылған. Бі­реуінің ұзындығы 203 мм, жапырақ тәрізді сүйір ұшы­ның ұзындығы – 111 мм. Ұзындығы 92 мм болатын ұңғысында ағаш саптың қалдықтары сақталған. Сыр­тынан қайыспен оралған.

Екінші найзаның ұшы жуандау – ұңғысының жие­гі жұмырланған, жапырақ тәрізді сүйір ұшты. Ұш­тықтың ұзындығы – 224 мм. Ұңғысында шашақ байлау­ға арналған құлағы бар. Сапқа киілетін бөлігі құлақша арқылы өтетін  қайыспен оралған. Мұның ұңғысын­да да ағаш сабының қалдығы бар. 

«Халвай қорғанының қаз­ба жұмыстарын 2009-2010 жылдардағы да­лалық маусымда Торғай археологиялық экспедициясы жүргізді. Бұл экспедицияға жергілікті археолог ғалым Андрей Логвин жетекшілік етті. Халвай қорғаны бірнеше қорған мен ескі қоныстан тұрады. Ескерткіш Қара­томар су қоймасының Тобыл саласының сол жаға­лауында, Бейімбет Май­лин ауданындағы Халвай елді мекенінің солтүстік шы­ғысына қарай 7 шақы­рым­дай жерде орналасқан. Жартысына жуығын су ша­йып кеткен ескі қорғанды 2008 жылы жергілікті тұр­ғындар тапқан. Қорған­ның аумағы 32 метр, биіктігі шамамен 1 метрдей болады. Қазба жұмыстары барысында қор­ғаннан 11 жерлеу орны табылды. Олар қайың және қарағай бөренелерімен жабылған. Жабынның астынан 7-8 жастағы баланың бейіті бар екен. Қорғанда­ғы жерлеу құралдарының ішін­де найза ұштары­нан басқа да ыдыстар, қола пы­шақ, үш қола, тоғыз тас, төрт ағаш жебенің ұшы, қола айбалта, келсап табылды. Төбенің жабындысында иттің қаңқасы жатқан», дейді музей қызметкері Нәзима Оташева.

 

Қостанай облысы