• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2024

«Құқықтық тәртіп» қорытындысы

90 рет
көрсетілді

Жамбылдық полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Он күнге созылған іс-шара барысында бірқатар қылмыстың беті ашылып, құқық бұзушылыққа жол бергендер лайықты жазасын алды.

Облыстық полиция департаменті­нің баспасөз қызметі таратқан дерекке жүгінсек, он күн ішінде полиция қыз­мет­керлері тарапынан іздестіріліп жүрген 6 қылмыскер қолға түскен. Сон­дай-ақ тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған, өзімен бірге алып жүрген 16 адам құрықталса, 14 мигрант ұсталған. Жалпы саны 84 қылмыс ашылған.

«Он күнге созылған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңды өкілсіз ойын-сауық орындарында және үйінен тыс жерде болған 955 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Сондай-ақ мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізушілер де кездесті. Іс-шара аясында 10 азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды», делінген облыстық полиция департаменті таратқан мәліметте.

Дерекке жүгінсек, «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы кезінде жалпы саны 10 313 әкімшілік құқық бұзушылық анықталыпты. Нақтырақ айтар болсақ, ұсақ бұзақылықтың 592 дерегі тіркелсе, тіркеусіз немесе құжатсыз жүрген 2 298 азамат жауапкершілікке тартылған.

«Іс-шара кезінде отбасылық-тұр­мыстық қатынастар саласындағы құ­қыққа қайшы әрекетке барғаны үшін 289 азамат жауапқа тартылды. Сондай-ақ 1 220 көлік жүргізушісі белгіленген қозғалыс жылдамдығы шегінен асыра көлік жүргізгені үшін жазаланса, 3 349 тұрғын жаяу жүргінші жолағы жоқ жерде ереже бұзып өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы алғанда, өңір бойынша 286 автокөлік айыптұраққа қойылды», дей­ді облыстық полиция департаменті бас­пасөз қызметінің өкілдері.

 

Жамбыл облысы