• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 06 Маусым, 2024

Қазақстан 2023 жылы әлеуметтік көмекке қанша қаржы жұмсады?

119 рет
көрсетілді

2023 жылы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалған шығыстар республикалық бюджеттің барлық шығыстарының 21,6%-ын (2022 жылы 24,4%) құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Экономикалық зерттеулер институтына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындар көлемі аздап өзгерді. 2022 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға артып, 2023 жылы 4,7 трлн теңгені құрады (2022 жылы 4,3 трлн теңге)», делінген хабарламада.

Шығындардың осы түрінің барлық дерлік сомасы 2023 жылы 99,4% – әлеуметтік қамсыздандыруға (азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және оларды төлемдерді қолдау, халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету), 0,6% – әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы өзге де қызметтер (республикалық деңгейде халықты әлеуметтiк қорғау мен көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жүйесiн және инфрақұрылымын дамыту, еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру) және көші-қон, еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер, өнімді жұмыспен қамтуды дамыту және т.б.) құрайды.

«Өткен жылы жергілікті бюджеттердің шығындар құрылымында әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға шығыстар 5%-ды құрады (2022 жылы 4,8%). Абсолютті мәнде әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалған шығындар көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 28,2%-ға өсіп, 2023 жылы 639 млрд теңгеге жетті (2022 жылы 498,6 млрд теңге)», деп хабарлады институт.

2023 жылы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалған шығыстардың ең көп үлесі Түркістан облысына – 11,4% (2022 жылы 11,6%) және Алматы қаласына – 9,0% (2022 жылы 8,9%) тиесілі. Ең аз үлес Ұлытау облысында – 1,0% (2022 жылы 1,0%) болды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті