• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Маусым, 2024

Қазақтың белгілі саясаткері Бексұлтан Тұтқышев қайтыс болды

174 рет
көрсетілді

Қазақстанның саяси және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының депутаты  Бексұлтан Тұтқышев 75 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы хабарды сясаткердің балалары жариялады.

«Қымбатты туыстар, достар, әріптестер! Бүгін таңғы сағат 4-те әкеміз Бексұлтан Серікбайұлы Тұтқышев арамыздан кетіп, мәңгілік тыныштық тапты. Жерлеу рәсімі 9 маусым күні сағат 10-да Астана қаласының орталық мешітінде өтеді», делінген хабарламада.

Бексұлтан Серікбайұлы Тұтқышев 1948 жылы 19 тамызда Қостанай қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған, дәрігер.

1974 жылы - Қостанай қалалық ауруханасы, дәрігер-травматолог. 1974-1993 жылдары - В.И.Ленин атындағы Қостанай облыстық ауруханасы, кеуде хирургиясы бөлімінің хирургы. 1993-1994 жылдары - «Медстрах-Гранит» медициналық сақтандыру компаниясы, директор. 1994-1995 жылдары - Қостанай облыстық ауруханасы, бас дәрігердің орынбасары. 1989-1993 жылдары - Қостанай қалалық халық депутаттары кеңесі, депутат, отбасы істері, жастар, азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі тұрақты комитеттің төрағасы. 1995, 1997, 2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына Қостанай облысынан депутат болып сайланды. 1998 - 2008 жылдары - ТМД елдері Парламентаралық Ассамбелясының мүшесі. 2002-2005 жылдары - Тұрғылықты халық және даму жөніндегі Азия форумы төрағасының орынбасары. 2005-2008 жылдары - Тұрғылықты халық және даму жөніндегі Азия форумы Бас хатшысының орынбасары. 2008 жылдың желтоқсанынан - «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, басқарма төрағасының орынбасары. 2011 жылдан бастап «Назарбаев Университеті» департаментінің бас менеджері.

Медицина ғылымдарының кандидаты, монография, 40 астам ғылыми мақаланың авторы. «Құрмет», «Содружества» ордендерімен, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Алғысхатымен, БҰҰ балалар ұйымы - ЮНИСЕФ ескерткіш медалімен және басқа да медальдармен марапатталған. 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті