Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер қатарын толықтырды, деп жазады Egemen.kz.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметкерлері күні – 7 сәуір;Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір;Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;Ветеринарлар күні – 10 шілде;Аңшылық қызметкерлер күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан;Стандарттау қызметкерлері күні – 14 қазан;Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні - 18 қараша болып бекітілді.
Бұған дейін бұл тізімде 55 кәсіби мереке бар еді, енді 63 -ке көбейді.
Маусым айында, алдағы күндері 23 маусымда полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер, 24 маусымда судьялар мен сот қызметкерлері күні аталып өтіледі. Ал 28 маусым күні БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін тойлайды.