Саясаттануда қоғамдық келісім деген ұғым бар. Сол секілді біздің жалпы медиа-қауымдастық, БАҚ, түрлі ұйым дәл осы медиаэтикаға байланысты қоғамдық келісімге келуі керек.
Медиаөкілдерге ортақ құндылықтар бар. Біз тек әр маманға осыны жіті түсіндіріп, насихаттау арқылы құндылықтарды қалыптастыруымыз қажет. Мәселен, дүниежүзілік футбол бір ғана ережемен ойнайды. Сол секілді ақпараттық нарықта жаһандық халықаралық журналистік этиканың қалыптасқан нормаларымен, қағидаттарымен жұмыс істесек, біраз мәселенің түйіні тарқайтынына сенімдімін.
Әрине, бұл біркүндік шаруа емес. Десек те медиақауымдастықтың түрлі форматтағы кездесулері, талқылаулары аясында халықаралық журналистиканың нормаларына бейімделуіміз қажет. Байқап қарасақ, өзін-өзі сыйлайтын, ұзақ жылдық дәстүрі бар әлемдік медиаресурстардың әрқайсысында редакциялық стандарттар қалыптасқан. Бұл жалпымен әрі жария түрде қабылданған. Сайттарында да ашық көрсетіліп жазылады. Кез келген журналист сол редакцияның стандарттарына сәйкес бейтараптылыққа, біліктілікке, обьективтілікке, жауапкершілікке қатысты нормаларын сақтайды. Бізде бірде-бір бұқаралық ақпарат құралдарында редакциялық стандарт жоқ. Біздің қазіргі негізгі міндетіміз осы.
Болат МҮРСӘЛІМ,
«Qazaqstan» телеарнасының директоры