• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ең қысқа әңгіме 10 Шілде, 2024

Күлбикеш эффектісі

112 рет
көрсетілді

Қазір тарихи тұлға­лардың кісілік келбеті мен әрекетіне қатысты біржақты түсінік беру белең алып барады. Әлеу­­меттік әумесер­лік пен қоғамдық қиям­пұрыстыққа жеткізетін бұл үрдістің сыр-си­па­тын француз философы Жан-Поль Сартрдың мы­салынан аңғаруға болады.

Ертеде бір кісі өтіпті. Өзі қарапайым тұрмысты місе тұтыпты. Тәңірдің жазғанымен алған әйелінің мінезі тасыр болыпты. Оның артынан еріп келген екі қыз да өркөкірек, тәкаппар болып өсіп, шешелерінен аумай қалыпты. Ал әлгі кісінің өз қызы – Күлбикеш болса, мінезі сынық, өте әдепті жан екен. Ол адуын апаларының қырсығына қыңқ етпей, бүлігіне бүлк етпей, үнсіз жүре береді.

Күндердің күнінде Күлбикеш өгей шешесінің дәргейінен сытылып шығып, патша сарайындағы би кешіне қатысады. Сол жерде оған сымбатты ханзаданың көзі түседі. Жанын жаулаған ғашықтық сезімімен Күлбикешті үйіне іздеп барған ханзада сүйік­тісін әуелде танымай қалады.

Адам нанғысыз ба? Бірақ осы ертегі бізді жағдаяттың құдіретіне сендіреді. Адуын өгей шешесінің жанында Күл­бикеш көнбіс те қарапайым қызметші болса, ал патша сарайында құлпырып, күлімдеген кеш аруы­на айналды. Бірінші жағдайда сұлуымыз теперіш көрді. Екінші жағдайда сымбатты жігіттің жүрегін жаулады.

Сартр мұны сарт еткізіп тү­сіндіреді. «Адам болмысы жағ­даят­қа байланысты. Бізді айналамызда қалыптасқан хал-ахуалдан бөліп қарауға болмайды. Өйткені бізді жағдай қалыптастырады және мүмкіндіктерімізді анық­тайды», дейді ол.

Сондықтан кез келген дүние­нің кемістігінен бұрын, кеңіс­тігіне назар салуды үйрену керек-ақ.