• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ғылым 12 Шілде, 2024

«Тарбағатай» паркіне шетел ғалымдары аяқ басты

202 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашы­лығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты 2018 жылы құрылған «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – биологиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтау, табиғатты қорғау мен экологиялық-ағарту жұмыстарын жүзеге асыратын мекемелердің бірі.

2018 жылы құрылған, аумағы 145 мың гектарды құрайтын ұлттық паркте 1 640 түрлі өсімдік өседі. Олардың ішінде 169 энде­миялық түрі болса, 35 түрі Қа­зақ­станның «Қызыл кітабы­на» енген.

Таяуда Астана халық­аралық уни­вер­ситетінің бас­тамасымен «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи пар­кінде докторанттардың дис­сертациялық жұмыс тақы­рып­тары мен ғылыми жобалары не­гізінде далалық ғылыми зерт­теу жұмыстары жүргізіліп, басқосуға Қазақстанның биолог ғалымдарымен қатар Польша, Израиль, Жапония елдерінің ғалымдары келді.

Шетелдерде ғы­лыми тағылымдамадан өтіп, ға­лымдармен тығыз байланыс орнатқан зерттеушілер жаңа тыныс тапқан. Ал аталған паркке келген Польша, Израиль, Жапония елдерінің ғалымдары ұлттық парк аумағындағы өсімдік­тердің өсу жиілігі мен фло­расын зерттеуде үлкен жаңа­лықтарға кенелеріне зор сенім білдірген екен.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлт­тық табиғи паркі мен Астана халықаралық университеті арасындағы меморандум шеңберінде орындалып жатқан аталған зерттеу нәтижесі алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі өсімдіктер мен жануарлар әлемінен хабар беретін журналдарда, ғы­лыми еңбектерде жарияға шықпақ.  

Қазақ­станның «Қызыл кітабына» енген ерекше тіршіліктің жойы­лып кету қаупімен күресуге бағытталған экспедициялар – Тарбағатай тауындағы өзге де тір­шілік иелеріне әлем ғалымда­рының назарын бұру мақсатын көздейді.

Бұл туралы толығырақ «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санына шыққан Қуат Қиықбайдың «Өзгеше өсімдіктер әлемі» мақаласынан оқи аласыз.