Алматыдағы қоқыс сұрыптайтын зауытта пакетке оралған сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Желіде 14 шілде күні қоқыс сұрыптайтын зауыттардың біріндегі конвейер желісінде пакетке оралған баланың денесі табылғаны туралы ақпарат тарап жүр.
Қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасы іздестіріліп жатыр, оның жеке басы мен басқа да мән-жайлар міндетті түрде анықталады», делінген хабарламада.